Қарағанды

«Аяла» – патриоттар мекені

        Біздің балабақшамызда педагогиканы – мамандық емес, өмір салты деп білетін адамдар жұмыс істейді. Бұл – мектепке дейінгі ұйымның барлық сыртқы көрінісінен ұйымдастыру жұмысына дейінгі бейнесі.

Көп жылғы педагогикалық өтілі, терең білімі, педагогикалық тәжірибесі табиғи талантымен үйлесе отырып әр бастамада табысқа жететін мамандар саны басым. Барлығы ұжыммен, ата-аналармен, балалармен тіл табысып, жақсы қарым-қатынаста бола біледі.
Балабақшамыз штаттық кестеге сай жасақталған. Балабақша педагогтары – жоғары білікті мамандар, балаларды тәрбиелеу мен оқытуда жандарын салатын ұйымшыл ұжым.
Балабақшаның жұмысы интегративті білім беру жүйесін құруға бағытталған. «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық патриоттық идеясы аясында біздің кішкентай азаматтарымызға тәрбиенің негізін беру, балабақшада болған уақытта баланың жан-жақты дамуына жағдайлар жасау көзделген. Мектепке дейінгі балалардың адамгершілік-патриоттық тәрбиеленуіне қол жеткізу үшін, біздің педагогикалық ұжым өз кәсіби құзіреттіліктерін жоғарылатуда. Осыған ұқсас бағдарлама бойынша Қарағанды қаласының бірнеше балабақшалары және Жаңаарқа ауданының балабақшасы жұмыс істейді.
Сонымен қатар, өткен жылы балабақшада педагогтармен «Қазақстан – менің туған өлкем!» атты КТК ойындары (көңілді тапқырлар клубы) өтті. «Аяла» балабақшасының барлық педагогтары қатысып, «Ертегі», «Тілек», «Думан» балабақшалары және Жаңаарқа ауданының «Ақерке» балабақшасының директорлары атсалысты.
Педагогтар командаларға бөліну арқылы шығармашылық өнерлерін ортаға салып, тапқырлар атағы үшін күресті. Ойындар Юлия Ирхинаның жетекшілігімен өтіп, педагогтар «Менің Қазақстаным» тақырыбында тапсырмалар орындады. Әзіл аралас қойылымдарымен қонақтардың көңілін көтеріп, қабілеттерін көрсетіп алға ұмтылды.
Жалпы, «Аяла» балабақшасының педагогтары балаларды патриоттық сезімге тәрбиелеп қана қоймай, олардың жеке қабілеттерін үйірмелер арқылы дамытып отырады. Шығармашылық сайыстарға қатысып, жеңімпаз атануға мүмкіндік береді.

Саягүл СӘДУАҚАСОВА,
«Аяла» балабақшасының директоры.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button