Автобус қозғалысы жанданды

Облыста «Ashyq» жобасына қатысатын кәсіпкерлік нысандары көбейді. Ол тізімге балаларға арналған жабық ойын-сауық орталықтары, цирк, отельдер, қонақ үйлер қосылды. Қаулы бүгін күшіне енді.

Қаулыға сәйкес, балалардың жабық ойын-сауық орталықтары 30 адамнан асырмай, бір адамға кемінде 10 шаршы метр аумақ беріп жұмыс істеуі керек. Ал, ауданы 1000-нан 3000 шаршы метрге дейінгі балалардың жабық ойын-сауық орталықтарында осындай талаппен 60 адамға дейін рұқсат. Цирктер адам сыйымдылығын 30%-дан асырмай жұмыс істей алады. Отельдер, қонақүйлер қызметіне шектеу жоқ. Фудкорттар жұмысы 2 сағатқа ұзарды. Енді оларға 22.00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат берілді.

Сондай-ақ, сенбі және жексенбі күндері қалааралық облысішілік тұрақты жолаушылар қозғалысы, атап айтқанда, Қарағанды – Теміртау – Қарағанды; Қарағанды – Саран – Қарағанды; Қарағанды – Шахтинск – Қарағанды; Қарағанды – Абай – Қарағанды; Қарағанды – Шахан – Қарағанды; Қарағанды – Топар – Қарағанды бағытындағы автобустар қалпына келтірілді.

Сондай-ақ, санаторий-курорттық ұйымдар (үйлер, демалыс орталықтары мен демалыс аймақтары, санаторийлер мен профилакторийлер) ғимараттарды жобалық қуатының 80%- нан аспайтын жағдайда жұмыс істейді. Сонымен қатар, бұған дейін тыйым салынған жағажайлар жұмысы жанданды.

12 жастан асқан балалардың компьютерлік клубтарға, цирктерге, кинотеатрларға кіруі «Ashyq» қосымшасында ерікті түрде тіркелу арқылы жүзеге асырылады. Қазір аталған қосымшаны eGov mobile, Аitu, Kaspi.kz, Halyk Bank, Sberbank. kz, www.ashyq.kz. сайты арқылы қолдануға болады.

Жансая ОМАРБЕК.