"Балбөбек"

Ауылдағы демалыс

Жазғы демалыста мен ауылға атам мен әжеме қыдырып бардым. Олар менің келгеніме қатты қуанды. Әжем бауырсақ, шелпек,  қаймақ пен құрт-ірімшіктерін аузыма тосып, дастарқан үстін жайнатып толтырып тастады. Атам маңдайымнан қайта-қайта иіскейді. Әжелер мен аталар қашанда мейірбан ғой.

Ауылдың табиғаты, саф ауасы, кешқұрым малдың өрістен қайтуы маған ерекше әсер қалдырды.

Ауылдағы демалысым өте қызықты өтті. Атам атқа мінуді үйретті. Әжем болса құрақ құрау әдісін көрсетті. Жаңа достар таптым. Олармен түрлі ойындар ойнадым.

Бұл демалыстан мен ата-әжемді сағындырмай ауылға жиі барып тұруым керек деп ой түйдім. Осы ойыммен сыныптастарыммен де бөлістім.

 

Айша ШАЙҚЫШ,

№6 Саяқ жалпы білім

беретін орта мектебінің

3 «А» сынып оқушысы.

БАЛҚАШ қаласы.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button