Ауыл медицинасы алға басты
Өңірдегі ауыл тұрғындары үшін медицина қызметі қолжетімді бола түсті. Биыл ауылдарда 14 жаңа медициналық нысан ашылды. Бұл туралы өңір басшысы Ермағанбет Бөлекпаев ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен брифингте айтып берді.
– Президент медициналық қызмет көрсету сапасы арттырып, әр науқасқа ерекше көңіл бөліп, денсаулық сақтау жүйесін қайта құру міндетін қойды. Жыл соңына дейін ауылдық жерлерде тағы 27 медициналық нысан ашылады. Ал, келер жылы 51 денсаулық сақтау мекемесі бой көтереді. Теміртау мен Балқаш қалаларындағы екі аурухана қайта жаңғыртылғаннан кейін ауданаралық ауруханаға айналады. Бұл облыс тұрғындарына медициналық көмек қолжетімді болады деген сөз, – деді өңір басшысы.
Аймаққа білікті медициналық кадрларға қолдау көрсетіліп жатыр. Соңғы екі жылда 236 медицина қызметкер баспаналы болды. Мемлекет тарапынан берілген жәрдемақы көмегінің мөлшері 1,5 миллионнан 8,5 миллион теңгеге дейін артты. Бүгіне 63 маманға қолдау көрсетілді. Жыл соңына дейін тағы 20 медицина қызметкерге көмек көрсету жоспарланып отыр.
Пульмонология, комбустиология және кардиологияға арналған құрал жабдықтар сатып алу үшін «Қазақстан халқына» қоры қаржыландырады.
Ербол ЕРБОЛАТ,
Ortalyq.kz