Қарқаралы

Ауыл азаматтарының абыройлы ісі

Қарқаралы ауданы Қасым Аманжолов атындағы ауыл биылғы жылы да қалың қардың астында қалды. Тұрғындар әбігерге түсіп, жол қатынасының қиындығын көрді.

Бір қуантарлығы, ауыл азаматтары ауызбіршілік танытып, білек сыбанды. Автокөлік жолының бойындағы қар құрсауын бұзу үшін жолға шықты. Аудан орталығымен байланысатын жолды бірнеше күн бойы қар басып қалған болатын.

Ауыл тұрғындары – Рымбек Аман және Айдос Біржанұлы К-700 тракторымен жолдағы қарды аршып, күндіз-түні тынбай еңбек етті. Ал, Аслан Жақанов жолда қалып қойған жолаушыларға қол ұшын беріп, ауылға аман-есен жеткізіп отырды.

Облыстық «Орталық Қазақстан» газеті арқылы осы азаматтарға Қасым ауылының тұрғындары атынан алғыс айтамыз.

Жанар ЖАҚАНОВА.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button