АбайОблыс әкімінің жұмыс сапары

Аула абаттанып, тұрғын үйлер салынуда

Абайда аула аумақтарын абаттандыру бойынша белсенді жұмыстар жүргізілуде. Заманауи балалар және спорт алаңдары орнатылып, тұрғын үйлер салынуда. Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек Абай ауданына жұмыс сапары барысында қаланы абаттандыру жұмыстарымен танысып, шаруа қожалықтардың тыныс тіршілігімен танысты.

Өңір басшысы бірнеше үй орналасқан аулалардың бірінде болды. Жақында аумақ ретке келтірілді. Тұрғындар бұл өзгерістерді бірнеше жыл бойы күткен болатын. Жергілікті билік ойын алаңдарын орнатып қана қоймай, жолдың бір бөлігін кеңейтіп, асфальт төсеп, жол төсемдерінен жаяу жүргіншілер жолдарын жасады.

– Биыл қалада 6 аула абаттандырылды. 2025 жылға дейін біз жылына 5-6 ауланы абаттандырамыз, – деді Абай қаласының әкімі Медеу Ахметов.

– Сондай-ақ, биыл біз 8 шақырымнан астам жолды жөндедік. Төрт үлкен көшеге асфальт төселіп, жеке сектордың 10 көшесіне жол төселді. Облыс әкімі аулаларды абаттандыруды ұлғайтуды тапсырды.

– Ретке келтірілуі тиіс аулалар аз ғана қалды. Абаттандырылатын аулалардың үлесін жыл сайын 10-ға дейін жеткізіңіздер, – деді Жеңіс Қасымбек.

Сондай-ақ, облыс басшысы жергілікті тұрғындардың өтініші бойынша ТКШ жаңғырту бағдарламасы аясында үйлердің бірін жөндеуді бастауды тапсырды. Тұрғындар ол бағдарламаға қатысып, үйлерінің шатырын жөндемекші. Әкім Абайдың құрылыс алаңдарын да қарап шықты. Жеңіс даңғылында жеке инвестициялар есебінен 5 қабатты тұрғын үй салынуда. Құрылыс салушы 2022 жылы 45 пәтерді пайдалануға беруді жоспарлап отыр. Биылғы жылы 168 отбасы пәтер кілттерін алады. Олардың 18-і жақында баспаналы болды. Оларға пәтерлер Топар кентінен бөлінді. Жеңіс Қасымбек аудандағы егін жинау науқанының барысымен де танысты.

Көксу ауылдық округінде «Астра-Агро LTD» ЖШС және «Шанс» шаруа қожалығында болды. «Астра-Агро LTD» ЖШС – картоп тұқымының оригинаторы мәртебесіне ие Қазақстандағы жалғыз компания. Биыл фермерлер экспортқа 2 мың тоннаға жуық элиталық тұқым жіберді. Абай ауданының әкімі Бауыржан Асановтың айтуынша, биыл астық жинау алқабы 40 мың гектарды, картоп – 5 902 гектарды, көкөніс – 1 001 гектарды құрайды.

– Абай ауданы Қарағанды облысы көлемінде 52,5% картоп және 61,9% көкөніс өндіреді, – деп атап өтті ол.

– Егін жинау науқанына 108 астық жинайтын комбайн тартылған. Картоп жинауға 20 комбайн мен 25 қазғыш қатысады. Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге 2 500 тонна арзандатылған дизель отыны бөлінді. Ауданда 44 жеміс-көкөніс қоймасы және 24 астық қоймасы бар. Абай ауданында жеті инвестициялық жоба жүзеге асырылуда. Осылайша, «Астра-Агро LTD» компаниясы 500 басқа арналған сүт-тауар фермасын салады. Оны пайдалануға беру 2023 жылға жоспарланған. 30 жұмыс орнын құру көзделіп отыр. «Шанс» шаруа қожалығы да 400 басқа арналған тауарлы-сүт фермасын салып жатыр. Инвестиция есебінен мұнда құрама жем зауыты салынып, Petkus астық тазалау машинасы сатып алынды. Сапар соңында Жеңіс Қасымбек егін жинау кезінде жұмысты жоғары қарқында ұстап тұруды және құрылыс жұмыстарының сапасын бақылауды тапсырды.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Басқа материалдар

Back to top button