Абай

Ауданда – алдын алу шарасы

Өткен демалыс күндері Абай ауданының төтенше жағдай жөніндегі бөлімнің қызметкерлері Дубовка ауылында сенбілік науқан ұйымдастырды. Шараның мақсаты – өрт оқиғаларының алдын алу, тұрғындарға тілсіз жаудың орны толмас қасіретке душар етер қаперін ескерту. 

Соның барысында ауыл азаматтары ескертпе парақшалар таратылып, өрт пайда болған немесе газдың иісі шыққан жағдайда қандай әрекеттер қолдану керектігі, сондай-ақ, жылыту пештерін қалай дұрыс және қауіпсіз қолдану қажет екендігі түсіндірілді.

– Ерекше назар егде жастағы адамдар және балаларға аударылды. Себебі, дәл солар төтенше жағдайда дүрбелеңге бой алдырады, – дейді инженер, азаматтық қорғаныс лейтенанты Шыңғыс Түсіпханов.

Өрттердің алдын алу және төтенше жағдайларда тұрғындарды дұрыс әрекет жасауға үйрету мақсатында осы секілді рейдтер облысымыздың барлық аудандарында үнемі өткізіліп отырады.

Өз тілшімізден.

АБАЙ ауданы.

Басқа материалдар

Back to top button