ЖаңалықтарРуханият

Ауған соғысында қаза тапқандарды еске алды

15 ақпанда Қарағанды қаласының Жеңіс саябағында КСРО әскерлерін Ауғанстаннан шығару күніне арналған салтанатты іс-шара өтті. Мерекеге Қорғаныс министрлігінің, Ұлттық ұланның әскери қызметшілері, «Жас ұлан» республикалық мектебінің курсанттары мен ауған ардагерлерінің өздері қатысты. Ауғанстандағы соғыста қаза тапқандарға  құрмет көрсетіп, даңқ ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, бір минут үнсіздікті еске алды. Іс-шараға Қарағанды қаласының әкімі Мейрам Кожухов арнайы қатысты.

Қала әкімі Мейрам Кожухов пен  «Астана» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы генерал-майор Шайх-Хасан Жазықбаев ардагерлерге алғыстарын білдіріп, халықтың игілігі үшін қызмет ету, ұрпақты тәрбиелеу әрқайсымыз үшін ең жоғары міндет екенін атап өтті.

– Бүгін әрқайсымыз үшін мереке күні, біз әрқайсыңды  құрметтейміз,  Ауғанстанда бізбен бірге қызмет еткен, қазір бізбен бірге болғандар және сол Ауған жерінде қайтыс болған тарихқа мәңгілікке есімізде. Біздің қазіргі міндетіміз-өскелең ұрпақты бейбіт елдің болашақ қорғаушыларын  Отансүйгіштік рухында тәрбиелеу, –  деді отставкадағы полковник Амангелді Темірханұлы Жантасов.

 Ауған жерінде қаза тапқандардың ескерткішіне келгендердің барлығы «Сәлем Бача» сөзімен амандасады екен. Бұл «Сәлем досым, бауырым» дегенді білдіреді. Өткен күнді еске түсіріп,  әр сөздерінде  рухтың күші сезіледі. Ал, кеуделеріндегі «Батылдық үшін», «батылдығы үшін» және тағы басқа да медальдармен толтырылған  нысанды киім  көздің жауын алып, дәл сол кезді сипаттайды.

– Мен 1984-1986 жылдары атқыш сарбаз ретінде қызмет еткенмін. Уақыт мен үшін зымырап өтті, себебі әрқашан қызметтеміз, содырлар күштерінің өтпеуі үшін жолдарда, шатқалдарда кездесіп жауға тойтарыс беретінбіз. Жеке өзім тапсырма орындауға кетіп бара жатып,  «мүмкін қайтып келмеймін шығар, жігіттер аман болыңдар» деп қоштасып кетіп бара жатқан жігіттерді талай көріп, мүмкін сезе ма екен деп әлі күнге шейін ойланамын. Бүгінгі  іс-шара бауырларымызды,  іс-әрекеттерімізді  ұмытпау үшін және осында келген жас буынға көрсетіп, болашақ Отан қорғаушыларымызды тәрбиелеу мақсатында жыл сайын өткізіліп тұрады, – дейді ардагер Бауыржан Тұрсынұлы Рымжанов.

Қазіргі уақытта дәл осындай іс-шаралар Ұлттық ұлан әскери қызметшілерінің қатысуымен Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Қостанай облыстарында өтуде.

ҚР Ұлттық ұланының орталық өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button