Жаңалықтар

«Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы жаңа жобаны қолға алды

«Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы өз бизнесін ашуға дайын, идеясы бар, ақша тапқысы келетін жастарға арналған «Жас кәсіпкер» жобасын қолға алды.

«Жас кәсіпкер» – «Бастау» жобасы аясында жүзеге асырылатын тиімді оқыту бағдарламасы. Жоба барысында елдің ең үздік бизнес жаттықтырушыларының шеберлік сыныптары, сонымен қатар кәсіпкерлік іске бағытталған оқытулар жүзеге асырылады.

– Жастар жылына орай, жастарды жұмыспен қамту мақсатында 18 бен 29 жас аралығындағы қыз-жігіттерге арналған жаңа жобаны енгіздік. Бұл жоба арқасында жастар жаңа білімді игеріп, біліктіліктерін арттырып, өздерінің кәсіптерін ашуға мол мүмкіндік алады. Жобаға қатысқан жастар грант иеленіп, өз кәсіптері үшін алғашқы капитал ретінде жеңілдетілген қаржы алуларына мүмкіндік туады, – дейді «Атамекен» ҰКП жаппай кәсіпкерлік және микроқаржыландыру департаментінің директоры Бауыржан Оразғалиев.

Оқыту барысында тәжірибелік тапсырмалар қолданылып, іскерлік ойындар өткізіледі. Өз ісін енді бастаған кәсіпкер үшін «Атамекен» палатасының филиалдық желілері арқылы іске асқан стартап жобаларды одан әрі қолдау қарастырылған.

Өз тілшімізден.

Басқа материалдар

Back to top button