Қарқаралы

Атқарылған істің игілігі

Көктем келсе, ел дүрлігіп, әбігерге түседі. Өйткені, қар суының қаншалықты болары белгісіз. Матақ ауылы құрылғалы жылда су астында қалатынымыз жұртқа аян. Десек те, үш жылдан бергі қажырлы еңбектің арқасында қауіптің беті қайтқандай.
Аудан әкімі Х.Мақсұтов екі жыл қатарынан шынжыр табанды трактор беріп, әкім Ж.Рахымбеков бастаған ауыл тұрғындары күні-түні еңбектеніп, ауыл іргесіне бөгет тұрғызды. Биыл аудан әкімінің бастамасымен қомақты қаражат бөлініп, қолдан жасалған бөгеттің орнына ұзындығы 2,5 шақырым, биіктігі – 2,5 метр, ені – 4 метр болатын бөгет салынды. Соның арқасында ауыл халқы көктемді үрейсіз өткізудеміз.
Биыл ауыл іргесіне тасқын су 22 наурыз күні келіп, 26 наурызда беті қайтты. Осы күндері аудан әкімі Х.Мақсұтов, төтенше жағдайлар бөлімінің басшысы Т.Сүлейменов, тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі бөлімінің басшысы Қ.Таласбаев, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Б.Жұманбаев халықпен бірге болып, жан-жақты көмек көрсетті. Осы орайда, ел тағдырына бей-жай қарамай, жанашырлық танытқан басшыларға алғысымыз шексіз.
Су тасқыны кезінде ауыл тұрғындары да қарап қалмады. Т.Нияздан, С.Жүнісов, М.Жетібаев, К.Божанов, Қ.Аккулин, Р.Сейтмағзам, Ж.Жаппаров, О.Нұртанов, С.Мұхтаров, К.Ғалиев техникаларын шығарып, №15 орта мектеп ұжымы қаптарға күл толтырып, су тасқынының алдын алу шараларын жасады. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» дейді қазақ. Бірліктің арқасында биылғы су тасқынынан аман қалдық.

Арыстан САЙПЕН,
Матақ ауылының тұрғыны.

ҚАРҚАРАЛЫ ауданы.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button