Қарқаралы

Ғасырлық тойға – игі дәстүрмен

«Алаш» партиясының 100 жылдығы Қарқаралы қаласында ерекше ізгілікті шарадан бастау алды. Ғасырлық тойдың құрметіне орай, 100 түп ағаш отырғызу акциясы жүзеге асты.

Мекеме, кәсіпорын ұжымдары мен қала жастарының атсалысуымен өткен шарада аудан әкімінің орынбасары Сайлау Әлиұлы тарихи кезеңнің маңыздылығына тоқталып өтті.

– Қарқаралы тарихында Алаш қозғалысы ерекше орын алады. Алаш көсемі Әлихан Бөкейхановтың тың идеялары осы Қарқаралыда туған, осы қасиетті жерден бастау алған. Кешегі Алаш идеясы – бүгінгі Ұлы Қазақстан! Тәуелсіздік алғаннан кейін, бұрын тыйым салынған – Алаш қозғалысы тақырыбы қазіргі таңда отандық тарихымыздың маңызды құрамдас бөлігі ретінде қайта зерттелуде. Алаш зиялыларының өмірі мен ісін мұқият зерттеп, олардың жетістіктерін бағалап, даналығын бағамдап, олар ашқан ақиқатты пайымдау қажет. Еліміздің өткенінен сабақ ала отырып, бүгінгі жаңаруларда жаңылыспауға тиіспіз. Оны Елбасымыз «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында «Жаңғыру жолында бабалардан мирас болып, қанымызға сіңген, бүгінде тамырымызда бүлкілдеп жатқан ізгі қасиеттерімізді қайта түлетуіміз керек» деп атап көрсетті. Сондықтан да, Алаш зиялыларының жасампаз ұлы істері мен ғибратты мұраларынан әрбір жас тағылым алып, Тәуелсіздігіміздің мәнін сезініп, баянды болашақ үшін еңбек етуі керек, – деді С.Әлиұлы.

Аталмыш акцияны ұйымдастырудағы басты мақсат – өткен тарихымызды ұлықтап, өскелең ұрпақтың бойына Отанға деген сүйіспеншілік сезімін ұялату.

Сағыныш ӘБІЛОВА

ҚАРҚАРАЛЫ ауданы.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button