Ғасыр жасаған кейуана

Жәйрем кентінің тұрғыны, тыл ардагері, жеті баланың анасы, он сегіз немере мен жиырма сегіз шөберенің әжесі Орал СЕРІКОВА 100 жасқа толды.

Ғасыр жасаған кейуананы Жәйрем кенті әкімінің орынбасары Гүлмира Исина, Жәйрем кен-байыту комбинаты кәсіподақ ұйымының төрағасы, Қаражал қалалық мәслихатының депутаты Мүбәрак Кәрібаев арнайы барып құттықтап, сый-сияпат жасады.

Еңбек жолын 1942 жылы Жаңаарқа ауданына қарасты «Түгіскен» ауылында мұғалімдіктен бастаған Орал әже кейін Жаңаарқа және Ұлытау аудандарында әртүрлі қызметтер атқарған. Жұбайы Мұқажан Майшурин – Ұлы Отан соғысының ардагері, Жәйрем кен-байыту комбинатында ұзақ жыл еңбек еткен. Сұрапыл соғыс жылдары тылда еңбек еткен әжей «Ұлы Отан соғысы кезіндегі ерен еңбегі үшін» төсбелгісімен марапатталған.

Гауһар НАУРЫЗБАЕВА,

Жәйрем кен-байыту комбинаты кәсіподақ комитеті төрағасының орынбасары.