Жаңалықтар

Ғасыр адамы Темірғали Көкетаев атындағы кабинет ашылады

«Әл-Фараби атындағы мектеп-гимназиясы» КММ  «Ғасыр адамы» атты ХХ ғасырдың ғұламасы Темірғали Көкетай Әбілдаұлының атына кабинет ашуы бойынша  БАСПАСӨЗ-РЕЛИЗІ

 Өткізілетін күні: 2021 жыл 20 қазан

Өткізілген уақыты: 11.00-де

Өткізілетін орны: «Әл-Фараби атындағы мектеп-гимназиясы» КММ

 «Ғасыр адамы» Қарағанды Университетінің физика-математика ғылымдарының докторы, профессор, ХХ ғасырдың ғұламасы Темірғали Көкетай Әбілдаұлының атына кабинетінің ашылуда

 2021 жылдың 20-шы  қазан күні сағат 11.00-де   Қарағанды қаласы Әл-Фараби атындағы мектеп-гимназиясында  «Ғасыр адамы» атты ХХ ғасырдың ғұламасы Темірғали Көкетай Әбілдаұлының атына кабинет ашу рәсімі өткізіледі.

Бар саналы ғұмырын білім мен ғылымға, тіл мен рухқа, руханиятқа арнаған Темірғали Әбілдаұлы Көкетайдың өмір жолын өскелең жас ұрпаққа насихаттау.

Кабинет ашылу рәсіміне қатысушылар:

  1. Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды Университетінің ректоры- Дулатбеков Нұрлан Орынбасарұлы;
  2. Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды Университетінің физика-математика ғылымдарының докторы, профессор Темірғали Көкетай Әбілдаұлы;
  3. Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығынан;
  4. Қарағанды қаласының білім бөлімінен;
  5. «Әл-Фараби атындағы мектеп-гимназиясы» КММ ұжымы.

Қазақтан шыққан физика саласының әлемге әйгілі ғұламасы бар. Екі ғасырдың аса көрнекті физигі. Атаулы саланың заңы бойынша 180 градусқа дейін қыздырылған кез келген қатты дене сыртқа жарық бермей қоймайды. Ол кісі суық жарықты ойлап тапқан. Дене оттай боп қызармай-ақ сыртқа жарық шығарады. Бұл – физика саласында осыған дейін мүлде болмаған жағдай еді. Сонымен, әлемде бұрын-соңды болмаған жаңалық жасаған ғұлама – қазақтан шыққан мақтан тұтар физик Темірғали Көкетай Әбілдаұлы.

Осы уақытта физика-математика ғылымдарының докторы, профессор атанған ғалым бүгінде әлем назарында. Физика ғылымына сіңірген еңбегі үшін “Ғасыр адамы” атағы беріліп, өзі 25 жыл айналысқан “Қатты дененің абсолюттік спектроскопиясы” еңбегін Халықаралық биографиялық орталық тізімге алған. Осы бір дәрежесі мен еңбегі ескере отыра  «Әл-Фараби атындағы мектеп-гимназиясы» арнайы  кабинет жабдықталды

Өтетін орны және уақыты: Қарағанды қ., Шахтеров даңғылы 66 үй, «Әл-Фараби атындағы мектеп-гимназиясы»КММ,  221 кабинет; 20  қазан  2021жыл. Сағат 11:00-11:40.

Қосымша ақпарат алу үшін: 25-51-14; 87775732490

«Әл-Фараби атындағы мектеп-гимназиясы» директоры                      К.Оспанова

Басқа материалдар

Back to top button