Жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев әлем чемпионы атанған Жәнібек Әлімханұлын құттықтады

Мемлекет басшысы боксшы Жәнібек Әлімханұлына құттықтау жеделхатын жолдады.

Фото: ortcom.kz

Президент әлемдік деңгейде шаршы алаң шебері атанған боксшыларымыз аз емес екенін, Қазақстан бокс мектебінің абыройын асқақтатуға Жәнібек Әлімханұлының да зор үлес қосып келе жатқанын атап өтті.

– Қажырлы еңбегіңіз бен мұқалмас ерік-жігеріңіздің арқасында қазақтың бокс стилінің үстемдігін тағы бір рет паш еттіңіз. Бұл айтулы жетістігіңіз жас өрендеріміздің спортқа, әсіресе боксқа деген қызығушылығын арттыратыны сөзсіз. Үлкен спорттағы әр қадамыңыз – олар үшін үлгі-өнеге. Сізге зор денсаулық, отбасыңызға амандық, спортта толағай табыс тілеймін!, – деп жазылған Мемлекет басшысының құттықтау жеделхатында.

Басқа материалдар

Back to top button