Ресми
Қасым-Жомарт Тоқаев Hanwha Group вице-төрағасы Ким Дон Вонды қабылдады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Hanwha Group компаниясының вице-төрағасы Ким Дон Вонды қабылдады. Кездесу барысында Қазақстан мен Корея арасындағы инвестициялық және технологиялық ынтымақтастықтың перспективалы бағыттары талқыланды, деп хабарлайды Ақорда.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның Корея Республикасымен стратегиялық серіктестікті жоғары бағалайтынын атап өтті.
Президенттің айтуынша, еліміз Hanwha Group компаниясын стратегиялық маңызы бар бірқатар салада халықаралық позициясы берік Кореяның жетекші бизнес топтарының бірі ретінде қарастырады.
Мемлекет басшысы Қазақстанда ұлттық жасанды интеллект экожүйесін қалыптастыру және цифрлық инфрақұрылымды дамыту бағытында ауқымды шаралар қабылданып жатқанын айтты.
Материалды әзірлеген Аяулым СОВЕТ
Фотоға түсініктеме:
Ақорда



