Ресми

Қасым-Жомарт Тоқаев: «Еліміз Түркияның «Түркі мемлекеттері ұйымы +» форматын құру бастамасын қолдады»

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымының бейресми саммитінде «Қазақстан Түркі мемлекеттері ұйымын жан-жақты дамытуға мүдделі» екенін атап өтті. 

Сурет Ақорда

«Бүгінде біздің Ұйымға халықаралық қауымдастық сенім білдіріп отыр. Абырой-беделіміз де артып келеді.
Осы орайда Қазақстан Ресейдің «Алтай – түркі өркениетінің бесігі» жобасына оң көзқарасын білдірді. Бұған қоса, біз «Алтай сұхбат алаңы (диалогі)» форумын құру жөніндегі ұсынысымызды жарияладық.
Еліміз Түркияның ынтымақтастық аясын кеңейтуге бағытталған «Түркі мемлекеттері ұйымы +» форматын құру бастамасын қолдады.
Осы форматқа қосылуға ниет білдірген мемлекеттер мен ұйымдарға қатысты нақты өлшемдер болу қажет деп санаймын», – деді Президент. 
 

Материалды әзірлеген Аяулым СОВЕТ

Басқа материалдар

Back to top button