Асыл қазына
«Мәңгілік ел» болып қалыптасу – жарқын болашаққа бастар жол болса, үш тұғырлы тіл – уақыт талабы. Еліміздің талабына сай мектепке дейінгі мекемелерде үштілді меңгерту педагогтардың еншісінде.
Бекітілген даму стратегиясы бойынша қаламызда алты балабақша әлеуметтік серіктестік бойынша жұмыла жұмыс жасауда. Осы орайда №15 «Аққу» балабақшасында жоспар құрылып, «Тіл – асыл қазына» тақырыбында семинар өтті. Семинарға Қарағанды облыстық тілдерді оқыту орталығының әдіскері Мунира Ағымбаева қатысып бағалау жүйесі «Қазтест» жайында қызметкерлерге ауқымды түсінік берді. Сонымен қатар, әлеуметтік серіктестікке енген балабақшалардың педагогтері де арнайы тақырыптар бойынша сөз алып, өз ойларын ортаға салды. Семинарда балабақшамыздың орта топ бүлдіршіндері тілдер жөнінде өнер көрсетті. Семинар жоғарғы деңгейде өтті.
Өз тілшімізден.