Бас тақырып

Асланбек Шымбергенов алғашқы жекпе-жекте жеңіліп қалды

Бокстан Қазақстан командасының капитаны Асланбек Шымбергенов Париж Олимпиадасындағы алғашқы жекпе-жекте жеңіліп қалды, деп хабарлайды Ortalyq.kz  Olympic.kz  сайтына сілтеме жасап.

Суретті түсірген Сали Сабиров

71 келі салмақта алғашқы жекпе-жегін өткізген Шымбергенов иорданиялық Зеяд Ишаишке жол берді. 

Бірінші раундты төрешілер 3:2 есебімен Асланбекке берген. Екінші раундта да осы есеп сақталды. 

Ал үшінші раундта қарсылас белсенді қимылдап, жеңіске жетті. 

Осылайша, бокстан Қазақстан командасының бір мүшесі жарысты аяқтады. 

Материалды әзірлеген Аида РАХЫМҚҰЛОВА.

Басқа материалдар

Back to top button