Руханият

«Қасіретті КарЛаг» Республикалық жыр мүшәйрасының жүлдегерлері анықталды

Қарағанды қаласы әкімдігінің қолдауымен Жазушылар одағының Қарағанды облысы филиалының бірлесе ұйымдастыруымен саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне арналған «Қасіретті КарЛаг» Республикалық жыр мүшәйрасының қорытынды кезеңі өтті.

Мүшәйраның негізгі мақсаты – өткенге салауат айтып, тарихтың ақтаңдақтарына бүгінгі көзқараспен әділ бағасын беру. Өлең-жыр арқылы тарихымызды насихаттап, қасіретті жылдарға ел назарын аударту. Бүгін облыстық өлкетану мұражайында мүшәйра жүлдегерлерін марапаттап, ақшалай сыйлықтар тарту етті.

Байқау қорытындысы бойынша І орынды – Мирас Асан (Астана), ІІ орынды – Ұмтыл Зарыққан (Астана), ал, ІІІ орынды – Кеңесбай Нұрбек (Павлодар) иеленді. Бұдан бөлек, Назгүл Бердіқожаға (Қызылорда) арнайы жүлде табысталды. Олжас Қасым, Батырлан Сағынтай, Ерік Нарын, Дмитрий Пхенда, Сезім Мергенбай ынталандыру сыйлықтарына ие болды.

Толығырақ газеттің алдағы санынан оқи аласыздар.

Ербол ЕРБОЛАТ,
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button