Ашық диалог – даму кепілі
Заман өзгерген сайын халықтың да өзгерісті талап етуі – заңды құбылыс. Демек, орайлы сәтте құрылған Ұлттық сенім кеңесі де заман талабына сай жұмыс атқарып, ел мүддесінен шығатынына сенім мол.
Елімізде болып жатқан жаңалықтың, қабылданып жатқан бағдарламалардың қай-қайсысы болсын, халықтың әл-ауқатын арттыруға, сол арқылы әлемдегі озық елдердің қатарынан көрінуге бағытталады. Ал, кез келген елде халық пен билік арасында ашық диалог болған жағдайға ғана дұрыс ой айтылып, оңтайлы шешім қабылданатыны мәлім. Еліміз осы жолда тағы бір дұрыс қадам жасады. Билік халықтың бұйымтайын тыңдайды, соған сәйкес әрекет етеді. Екіжақты келісім елдегі бейбітшілікті одан әрі асқақтатып, әлеуметтік, әрі экономикалық жағдайымызды көркейтетін және тұрақтылықты тұғырландыратын болады.
Дунай ЕСПАЕВ,
К.Станиславский атындағы орыс драма театрының директоры.