Жаңалықтар

Қаржылық есептілік аудит

    Қарағанды облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментімен 2016 жылға мемлекеттік аудит объектілерінің Тізімдемесіне сәйкес, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігіне бағынысты 2 мекемеде – «Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Қарағанды облыстық аумақтық инспекциясы» және «Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Қарағанды облыстық аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекемелерінде 2015 жыл кезеңіне қаржылық есептілік аудиті жүргізілді және онда анықталғаны:

    «Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Қарағанды облыстық аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекемесінде елеулі қателер анықталуына байланысты қаржылық есептілік бойынша ескертпесі бар аудиторлық есеп жасалынды, онда жалпы сомасы 1000,4 мың теңге қаржылық бұзушылықтар, 1908,9 мың теңге рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар, 890,3 мың теңгеге мемлекеттік сатып алу бойынша бұзушылықтар анықталды, оның ішінде:

    Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есеп жүргізу Ережесінің және Есеп саясатының талаптары бұзылып, мекемемен операцияларды жасау фактісі бойынша оның нәтижелерін тануды қарайтын, бухгалтерлік есепті жүргізу және қаржылық есептілікті жасау принциптері сақталмаған. Сонымен, 2014 жылғы қараша және желтоқсанда, жалпы сомасы 280,7 мың теңге қосалқы лауазымдарды атқарғаны үшін (кеңейтілген аймаққа қызмет көрсету) қосымша ақы есептеу бойынша және еңбекке уақытша жарамсыздық бойынша жәрдемақы бойынша шығындарды, уақытында танымау, есептілік 2015 жылдың басында қарыздың жоқтығына алып келген, олар бухгалтерлік есеп бойынша 2015 жылдың қаңтарында танылған (есептелген). Сондай-ақ, 2014 жылғы тамыз, қараша және желтоқсандағы аванстық есептер бойынша, жалпы сомасы 810,9 мың теңге іссапар шығындарын уақытында танымау, есептілік 2015 жылдың басында қарыздың жоқтығына алып келген.

    Екі аумақтық инспекцияда және «Аэропорт Сары-Арқа» АҚ карантин бекетінде жалға алған аудандардың нормалары 45,7 шаршы метрге арттық көрсетілген және жалға алу төлемдері 522,9 мың теңгені құрады.

    Қалалық және аудандық аумақтық инспекциялардың автомашиналары бойынша айына жол жүру мөлшері сақталмаған, нәтижесінде белгіленген лимиттен артық 472,7 мың теңгенің 5113,6 литр жанар-жағар материалдары (АИ-92) шығысқа шығарылған.

    Қаржылық есептілік бойынша жіберілген бұзушылықтары үшін бас бухгалтерге әкімшілік-құқық бұзушылық хаттамасы жасалынды.

   «Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Қарағанды облыстық аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекемесінде жүргізілген аудитпен маңызды ауытқулар орын алуына байланысты ескертпесі бар аудиторлық есеп жасалынып, жалпы сомасы 889,1 мың теңгенің қаржылық бұзушылықтары анықталды, оның ішінде:

      Мекеме бойынша еңбекақыны есептеп төлеуде 463,4 мың теңге бұзушылықтары анықталды, оның ішінде артық төленген еңбекақы 382,5 мың теңге, кем төленген еңбек ақы 80,9 мың теңге.

     Сонымен қатар, 2014 жылдың желтоқсан айының 43,1 мың теңге қайтарылған еңбек- ақысы бюджет кірісіне аударылмаған.

   «Техникалық қызмет көрсетуді жүзеге асыратын және мемлекеттік органдардың жұмыс істеуін қамтамасыз ететін және мемлекеттік қызметші болып табылмайтын тұлғалар тізбесін бекіту туралы» қаулысының талаптары бұзылып, Инспекцияның 2015 жылғы техникалық қызмет көрсетуді жүзеге асыратын қызметкерлердің штаттық кестесінде 1 бірлік заңгер, 2 бірлік менеджер-бухгалтер бекітілген, бұл штаттық бірліктер жоғарыда көрсетілген тізбеге жатпайды және шығындары 160,2 мың теңгені құраған.

    2015 жылы аудандық және қалалық аумақтық инспекцияларда автокөліктердің жүру шектеуі бекітілген мөлшерден артық болуына байланысты, 199,7 мың теңгенің 1920,8л. жанар-жағар материалдары (АИ-92) артық шығысқа шығарылған.

Б.БАЯЗИТОВ,

Қарағанды облысы бойынша

Ішкі мемлекеттік аудит департаментінің

квазимемлекеттік сектордың аудиті бөлімінің бас маманы.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button