Қарағанды

Қаржы пирамидасын ұйымдастырған қарағандылық азаматша 222 млн теңгеден астам шығын келтірген

ҚМА Қарағанды облысы бойынша департаменті Қарағанды қаласы мен Теміртау қаласы аумағында қаржы пирамидасын құру фактісінің жолын кесті. Бұл туралы ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

“2020 жылы азаматша Г.С. Нарымбетова жалған ақпарат беру арқылы азаматтардан ақшалай қаражат алған.

Мәселен, ол қаржы схемасын құрып, онда тартылған ақша қаражаты бойынша кіріс оларды пайдалы активтерге салу есебінен емес, жаңа инвесторлардан 200 000 теңгеден 25 000 000 теңгеге дейінгі сомадағы ақшалай қаражатты тарту есебінен салым сомасының 10% – дан 40%-на дейінгі мөлшерде төленетінін айтқан”, – делінген ақпаратта.

Қылмыстық әрекеттен анықталған залал 222 млн теңгеден асты, оның 131 млн теңгесі сотталушының өз еркімен өтелді.

Сот үкімімен Гүлзат Серікқызы Нарымбетова 5 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалды.

Видеоны көру үшін сілтемені басыңыз

Басқа материалдар

Back to top button