Жаңалықтар

Артық қыламыз деп, тыртық қылмаса

    Қазір емханаға келетін емделушілер үшін барлық жағдай жасалған. Осыдан біраз жыл бұрын әр дәрігер әр жерде отырып қабылдау жүргізетін болса, бүгін бір есіктен кіріп, барлық дәрігерге қаралып шығу мүмкіндігі бар. Қолайлы, бірақ…

    Қазір емханаларда фтизиатр да, инфекционист те, онколог та, дерматолог та қабылдау жүргізеді. Олар – емхананың штаттағы дәрігерлері емес, шақырту бойынша келіп, 1-2 сағат қабылдау жүргізіп, шаруасын бітіргеннен кейін кете беретіндер. Емделушілерге де қолайлы. Бір дәрігерден анықтама алу үшін қаланың ана шеті мен мына шетіне сандалып жүрудің қажеттілігі жоқ. Бірақ, қатерлі, жұқпалы аурулар қатарына жатқызылатын ауруға қабылдау жүргізетіндер емханаға жас балаларымен келетін ата-аналар арасында наразылықтар туып отырғаны бар. Ал емхана басшыларының айтуынша, бұл жағдай үшін емделушілерге қорқудың ешқандай негізі жоқ. Өйткені, дәрігерлер емдеу жүргізбейді, тек, қабылдау жүргізеді.

    Бірақ, бірнеше ай бойы білінбейтін дамитын туберкулез ауруын айтпағанның өзінде, әр түрлі тері ауруымен келетіндерді қабылдайтын дәрігерлердің отырғаны жас бала үшін шынымен қауіп тудыратыны анық болар.

   Бұл турасында басшылықтың да бір білгені бар шығар. Бірақ, көңіл күпті, қанша дегенмен, аурудың өзі санадан ғой…

Өз тілшімізден.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button