Жаңалықтар
Қарттарым – асыл қазынам
Мемлекеттік қызмет істері департаменті жанында мемлекеттік қызметшілерден құрылған «Еріктілер кеңесінің» мүшелері бар. Олар «Қарттар күніне» орай Қарағанды қаласының жастар орталығы мен Қ.Байжанов атындағы концерттік бірлестігімен бірлесіп «Добрые руки» қарттар үйіне барып қайтты, деп хабарлайды Ortalyq.kz департаменттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Мерекеге орай концерт ұйымдастырып, тамаша көңіл-күй сыйлады. Әрі ондағы қарттардың жағдайымен танысып, азық-түлік өнімдерін тарту етті.
Материалды әзірлеген Ербол ЕРБОЛАТ.