Руханият

Қарт қаламгерді құттықтады

«Білім – инемен құдық қазғандай» депті. «Инемен құдық қазған кім бар екен» дейсіз. Мүмкін емес қой. Бірақ, басқа түссе – көнесің. Халыққа қаламмен қызмет етуде – соның әрі жақ, бері жағы. Оның ішінде барлық журналист емес, әрине. Жанын салып, жүрегін беріп жазатындары ғана. Соның бірі– күні кеше ғана 80 жасқа толған қаламгер Қасым ОРЫНБЕТОВ. Редакция ұжымы Арқа баспасөзіне өлшеусіз еңбек сіңірген ардагер журналисті мерейлі жасымен құттықтап, жөн-жоралғысын жасады.

Суретті түсірген автор

Салтанатты рәсімде басылымның Бас редакторы Қамбар Ахмет қаламгердің аймақ баспасөзі мен руханиятына қосқан үлесіне тоқталып, ұлттық дәстүрмен иығына шапан жапты.

– Сіздің журналистиканы дамытудағы еселі еңбегіңізді көзіқарақты оқырман жоғары бағалайтыны сөзсіз. Саналы ғұмырыңызды газет қызметіне арнадыңыз. Қалам ұстаған

кейінгі буын өнегелі еңбек жолыңызды үлгі тұтатыны даусыз, – деді өзсөзінде Қамбар Жұмағалиұлы.

«Ақынды ақын сүйемесе – болмайды, Ақынды ақын күйелесе – ол қайғы» демеді ме Мұқағали?! Енді бұдан кейін Қасым ақсақалды неге құрметтейтініміз белгілі шығар. Өзі де «Мерейлі жасымды атаусыз қалдырмапсыңдар, рахмет!» деп ұжым басшылығы мен жас әріптестеріне алғысын жаудыр ды. Аудандық зеттердің бөлім меңгерушілігінен бастап, редакторы, облыстық газеттің жауапты хатшысы қызметтерін атқару – басылымның отымен кіріп, күлімен шыққанмен пара-пар қызмет. Онысын ақын Абзал Бөкен ағамыз: «Ол кездің дәстүрі бойынша, редактор, орынбасарлар дегеніңіз бас мақаладан әріге баса қоймайтын.

Қасекең – осы үрдісті «бұзып», ел тұрмысы, замана ағымы турасында толымды ойларын тобықтай түйін етіп бере білген қаламгер. Кеудесі тұнған тарих, тусыраған шежіре» – деп еске алады.

Алдыңғы толқын ағаларға ұстаз болып, жол көрсеткен ардагер тұлғаның еңбегін айтып тауысу мүмкін бе?! Қалам ұстаған жастар, оқырман қауым алдында. Ақтоғай ауданының тарихи-этнографиялық музейінің директоры, Ақтоғай, Шет аудандарындағы депутаттық қызметтерін атамағанда. «Ерен еңбегі үшін» медалімен, Жезқазған облыстық кеңесінің Құрмет грамотасымен марапатталған. КСРО және Қазақстан Журналистер одақтарының мүшесі, ардагер қаламгер – бүгін ақсақалдық биігінде.

Осының алдында ғана Ерсін Мұсабек ағамызға берген сұхбатындағы айтқанымен түйіндесек ойды: «Өзге тұрмақ, өзіме көңілім толмайтын жағдайлар бар. Мәселен, бұрынғының қарттары тұтас ұлтты, ең кемі бір руды тәрбиелеуге қауқарлы еді. Сөзімен де, ісімен де өз дәуірінде ықпалды болған қарттарымыз көп еді. Жасыратыны жоқ, бүгінгінің қарттары ұлтты былай қойыңыз, ұлынан туған немерені тәрбиелеуге шамасы келмей жүр. Әрине, жаппай көпті күстәналап, бар замандастарымның парасатын жоққа шығарудан аулақпын. Дегенмен, қарттың қасиеті кеміп, ақсақалдың айбыны төмендеп кеткені жасырын емес» – депті.

Осыны ақсақалдық өремен пайымдап айта білген қария аман жүрсін ортамызда!

Жәнібек ӘЛИМАН.

Басқа материалдар

Back to top button