ЖаңалықтарҚарағанды

«ҚарМУ хабаршысы» – әлем назарында

    Е.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің ғылыми журналы «ҚарМУ хабаршысының» химия топтамасы – солтүстік америкалық «Томсон Рейтерс» компаниясы ұсынған ең танымал Web of Science (WoS) әлемдік деректер базасына енген алғашқы қазақстандық журнал атанды.

Айта кеткен жөн, Web of Science – 1950 жылдың соңынан бері жұмыс істеп келе жатқан беделді ғылыми орталық. Оған компанияның қатаң ұстанымдары негізінде іріктелген, шамамен 12 500 жоғары рейтингті әлемдік деңгейдегі ғылыми журналдар кіреді.

Жалпы, «Томсон Рейтерс» пен Қарағанды мемлекеттік университеті арасында келіссөз орнағанына бес жылдан асты. 2012 жылы университет WoS базасына қосылуға өтініш білдірген болатын. Осы уақыт аралығында танымал отандық және шетелдік ғалымдардан журналдың халықаралық редакция алқасы құрылып, жарияланатын материалдардың техникалық параметрлері жақсарды. Материалдың сапасына қойылатын талаптар артты. Ғылыми журналдың дәлелділігін растағаннан кейін «Қарағанды мемлекеттік университеті хабаршысы» биылғы сәуір айында Томсон Рейтерс – Core Collection негізгі деректер базасына енді. Бұл – ҚарМУ ғалымдарының әлемдік ғылымды тану және интеграция жолындағы жетістігі.

Аяулым СОВЕТ

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button