АРМЕНИЯ КӨЛІКТЕРІ: Ұлттық сараптама орталығы – сапа үшін

Осы жылдың 1-наурызында Армения Республикасынан елімізге әкелінген көліктерді тіркеу мерзімі аяқталады. Қазақстан аумағына 2020 жылдың 1-ақпанына дейін әкелінген көліктерді рәсімдеуге болады. Аталған көлік құралдарын мемлекеттік тіркеуді, техникалық байқау нысанында пайдаланудағы көлік құралдарына қойылатын талаптардың орындалуын кейінгі тексерумен жүргізу қажет. Осы мақсатта Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігі ҚР СТ 1418-2018 ұлттық стандартына түзетулер енгізді.

Қазіргі уақытта аккредиттеу субъектілерінің ұлттық тізілімінде 1418-2018 ҚР СТ талаптарына сәйкес басқару органдары оңнан солға ауыстырылған көліктерге техникалық сараптама жүргізуге арналған сынақ зертханалары бар. Ұлттық сараптама және сертификаттау орталығы деп аталатын зертхана Қостанай, Алматы, Орал, Атырау, Ақтөбе қалаларында жұмыс істеуде.

Аталған орталықта көліктің мынадай қағидаттарын қатаң бақылайды: рөлдің сол жақта орналасуымен бірге тежегіш жүйесінің, меңгерік басқарудың тораптары мен бөлшектерін олардың құрылымын өзгертпей (зауытта дайындалған) қолдану; борттық диагностика жүйесінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету және автомобиль қауіпсіздігі жүйелеріндегі ақаулар туралы куәландыратын қателердің болмауы; тежегіш жүйесінің тораптары мен бөлшектері және меңгерікпен басқаруға қолдан жасалған өзгерістерге жол бермеу; шанақ қаңқасының бүтіндігінің бұзылуына жол бермеу; жүргізуші орындығының, оның реттеулерінің, сондай-ақ қауіпсіздік белдіктері мен олардың бекітпелерінің басқару органдарының сол жақ орналасуымен ұқсас автомобильге сәйкестігін қамтамасыз ету; жел әйнегін тазалау аймағында көрінуді қамтамасыз ету үшін басқару органдары сол жақта орналасқан автомобильден ұқсас шыны тазалағыш торабын (мотор редукторы, рычаг жүйесі бар трапеция) ауыстыруды және жұмыс істеуін қамтамасыз ету. Сондай-ақ, жүргізушінің айналарын қалпына келтіретін әйнек көтергіш тетіктерін басқаруға қол жеткізуін, жылыту, желдету жүйелерінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету, жарық фараларын ауыстыруды және оларды реттеуді қамтамасыз ету қажет. Ұлттық сараптама орталығында жоғарыдағыларды жіті қадағалайды.

Елде М және N санаттарындағы меңгерік басқару оң жақта орналасқан көлік құралдарын айналымға шығаруға тыйым салынатынын атап өткен жөн, ал, «Жол жүрісі туралы» Қазақстан Республикасы Заңында жолда жүруге және олармен адамдарды немесе жүктерді тасымалдауға арналған, жүргізу органдары оң жақта орналасқан көлік құралдарын бастапқы тіркеуге тыйым салынады.

Армения Республикасының уәкілетті органдарында Қазақстан Республикасы- ның азаматтарына тіркелген және Қазақстан Республикасына 2020 жылғы 1-ақпанға дейін әкелінген басқару органдары оңнан солға ауыстырылған автомобильдерді тіркеу мақсатында Министрлік аккредиттелген сынақ зертханаларына көлік құрылымының қауіпсіздігін тексеру үшін сынақтар өткізуге жағдай жасау бойынша шараларды қабылдауда.

Қасымхан ҒАЛЫМ