Бас тақырып

Қарияларға арналған “Белсенді өмір” орталығы ашылды

Қарағанды қаласындағы “Достық үйінде” қарияларға арналған “Белсенді өмір” орталығы ашылды. Орталықта шахмат үстелдері, би және спорт залдары мен лингафонды сынып бар.

“Белсенді өмір” орталығын ашуға Қарағанды облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы мен “Нұр Отан” партиясының облыстық филиалы мұрындық болған. Ал, оған қажетті жабдықтарды сатып алуға жергілікті кәсіпкерлер қолдау көрсетіпті. Негізгі мақсат – зейнеткерлердің қоғамдық белсенділігін арттырып, бос уақыттарын көңілді өткізуге жағдай жасау.

Орталық жетекшісі Раушан Құзғұмбаеваның айтуынша, 60 адамға шақталған орталыққа келуге ниет білдірушілердің қатары қалың екен. Қазірдің өзінде 45 адам жазылыпты. Егер, алдағы уақытта да адамдар көптеп жазылатын болса, онда келушілерді аудандарға бөлу жоспарлануда. 

 

Басқа материалдар

Back to top button