Абай

Архив – ол өткен кездер туралы жады

   Өткенді танымай жатып, болашаққа жоспар құру мүмкін емес. Архивті халықтың жады деп атауға болады. Дәл осы жерде құнды құжаттар тырнақталып жиналады, дәл осы жерде біздің бар өміріміздің тарихы түймедейден бастап басыбайлы оқиғаларға дейін сақталады.

Архив қызметкерлері қоғамға осы шақ­тан өткен шаққа және болашаққа қарауға мүмкіндік береді, еліміздің құнды құжаттандырылған жетістіктерін сақтап көбейтіп, олардың ғылыми және тәжірибелік мақсатта қолдануын қамтамасыз етеді. Бұрмаланған, ұмытылған немесе қоғамнан жасырылған тарихи деректерді, есімдерді, оқиғаларды жөніне келтіруге көмегін тигізеді.

Барлығы автоматтандырылған жаңа­шыл технология ғасырында электронды тасығыш коммуникацияның негізгі символына айналды. Ал архив құжаттар жаңа реңге ие болды. Бүгінгі таңда ол тарихи дерек көздерінің ерекше ақпарат көзі. Оның қағаз бетіне басылуы оның құндылығын арттыра түседі.

XXI ғасыр – ақпарат ғасыры, сондықтан архив рөлі ақпарат көзі ретінде ұдайы өсіп отырады. Сонымен қатар архившылардың ел мен қоғамның алдындағы жауапкершілігі де артады.

Қарағанды облысында архив қызметін құру 1937 жылдың 19 желтоқсанынан бас­тау алады. Осындай маңызды қызметтің құ­рылғанына сексен жыл өтті.

Қарағанды облысы архивтік қызметінің бөлшегіне айналған біздің Абай ауданының мемлекеттік архиві 1992 жылдың 14 мамырында құрылды, осы жылы 25 жылдығын тойламақпыз.

Абай ауданы, Абай қаласы  аймағының  архив ісінің негізін 1992 жылдың мамыр айынан Жұманияз Әбішұлы Әбішев бастаған.

Ж.Әбішевтің  басшылығымен Абай ай­мағындағы құжаттандыру мәдениетінің негізі салынды, «ҚР барлық ұйымдастырушылық-құқықтық формасындағы ұйымдар, мекемелер, кәсіпорындарда құжат­тарды басқару және құжаттандырудың не­гізгі ережелері» енгізілді.

Қалыптасу кезеңінде білікті  мамандардың  жоқтығы, материалдық базасының бол­мауы қаланың  архив қызметінде едәуір қиыншылық кездесті.

Кадрларды іріктеу жұмысына Ж.Әбішев жауапкершілікпен қарады,  сондықтан мемлекеттік архивте кездейсоқ адам болмады.

Бірінші болып жұмысқа азаматтармен, мекемемен ұйымдардың басшыларымен жұмыс істеу бойынша үлкен тәжірибесі бар қаланың құрметті азаматтары  Виктор Иванов және Лилия Осокина алынған болатын.

2002 жылы Ж.Әбішев зейнеткерлік демалысқа шықты.

2002 жылдың наурыз айынан 2017 жылдың қаңтар айына дейін Абай ауданының мемлекеттік архивін Рысмағамбет Мұсағалиев басқарды.

Рысмағамбет Мұсағалиев аудандағы архив қызметін дамыту бойынша жұмысты жалғастырды. Сонымен қатар, Қарағанды облысы мен Абай ауданының қоғамдық және саяси өміріне белсене қатысты.

Рысмағамбет Мұсағалиев бірнеше рет Қарағанды облысының  мәдениет, архив және құжаттама басқармасының,   Қарағанды облысы әкімінің,  аудан әкімінің Құрмет грамоталары мен Алғыс хаттарымен марапатталды.

Абай ауданы мемлекеттік архивінің ардагер қызметкерлері архивте 10 жылдан астам жұмыс істеп, зейнеткерлік демалысқа шыққан Зәуреш Салықованы, Людмила Цветкованы, Людмила Дмитриеваны, Тамара Байтулованы мақтанышпен айтуға болады.

Архивтің негізгі әрекетіне Қазақстан Рес­публикасы Ұлттық архивтік қоры құжаттарының сақталуы жатады. Архив қызметінің басты бағыттары: қор жинақтау, құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету, қор құрамын зерттеп, жүйелеу, ғылыми анықтамалар мен көрсеткіштер жасау, құжаттарды пайдалануды ұйымдастыру және жария ету.

Біздің архив қызметінің 25 жылында айтулы өзгерістер болды. Тіптен, қызметкерлердің штаттық құрамын салыстырсақ, онда 1992 жылы тек қана 4 маман болған, ал 2017 жылы бізде 15 маман қызмет жасап жатыр. Мысалы: 1993 жылы архивте сақтау­да сақтаудың 1042 бірлігімен 1 қор болса, қазір бізде сақтаудың 1934-2015 жылдарға185000 бірлігімен 430 қор сақталуда. Жиынтықтау көзінің тізімінде бүгінгі таңда Абай ауданының 51 ұйымы мен мекемесі тізімделген.

Біздің архившыларымызбен «1941-1945 ж.ж. Ұлы Отан соғысы ардагерлері – Абай ауданының тұрғындары», «Абай ауданының Құрметті тұрғындары, бірінші құрылысшылар» атты құжаттандырылған туындылар жиынтығы құрылды. 1941-1945 ж.ж. Ұлы Отан соғысы ардагерлері – Абай ауданының тұрғындары» жинағында соғыс жылдарында соғыс және соғысқа қатысушылар жайындағы естеліктер, олардың жазған хаттары, фотосуреттер, марапат кітаптары, соғысқа қатысушылар туралы мақалалар енгізілгендігімен құнды. Жинақ үнемі толықтырылып отырады. Архив жұмысы кезінде жинақ материалдарын қолданумен, Ұлы Отан соғысының аяқталуына арналған құжаттандырылған көрмелер ұйымдастырылды.

Сонымен қатар, біздің архивтің негізгі қызметіне мемлекеттік қызмет – архивтік анықтама беру болып табылады. Азаматтардың әлеуметтік құқын қорғау ісінде архившылардың рөлі жоғары. Жылына орта есеппен алғанда 3000 сұраныс орындалады. Біздің архившылар өздерінің қарт және жағдайы нашар адамдармен жұмыс істейтіндерін жақсы білгендіктен оларға назар аударып, көмек жасауға ардайым дайын тұрады.

Тағдырлары архивпен байланысқан адамдар, еңбекқор, өз істерін жақсы көретін адамдар, олар әр түрлі себептермен архив құжаттарына қажет еткендерді назарсыз қалдырмайды.

Құрметті әріптестер!!! Сіздерді атаулы күнмен шын жүректен құттықтаймыз. Сіздердің адамдардың разылығы үшін жасап жатқан қызметтеріңіз тек үнемі биіктен көрінсін.

Біздің көп ұлтты ұлы мемлекетімізге ақ жол тілейміз!

Д.Шарипова,

Абай ауданының мемлекеттік архив

басшысының орынбасары.

АБАЙ ауданы.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button