Спорт

Ардагерлеріміз абыроймен оралды

Біріккен Араб Әмірлігінің астанасы Абу-Даби қаласында ардагерлер арасында дзюдо күресінен жарыс өтті. Бұл сыннан қазақстандық құрама 5 алтын, 3 күміс, 4 қола медаль еншілеп қайтты. Айта кетсек, Қазақстан құрамасы сапында Шет ауданының тумалары Самалбек Айнатаев күміс алса, Қыдырбай Әбішев пен Ерсайын Омаров қоланы қанжығалады.

Сурет: Шет ауданы әкімдігінің әлеуметтік парақшасынан

Дүбірлі додаға төрткүл дүниенің түпкір-түпкіріндегі 35 елден 300-ге жуық дзюдошы жиналды. Кіл мықтының арасынан нағыз балуанды тану қиын еді. Десек те, сайыс болған соң айласы мен күші басым биіктен көрінері анық. Бұл сында қазақстандықтардың мерейі үстем болды. Жерлестеріміз қанша еңбек пен дайындықтың еш кетпегеніне дән риза. Жалпы командалық есепте жерлестердің бабы да бағына сай болып, 12 медаль еншіледі.

Ербол ЕРБОЛАТ,
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button