Руханият

«Ардагерлер» ансамблі – Түркістан төрінде

Ақтоғай аудандық «Ардагерлер» ансамблі аудан әкімінің қолдауымен бір топ зейнеткер ер түріктің бесігі атанған киелі Түркістанға сапарлап қайтты. Сапар барысында көне Түркістан қаласымен танысып, әулие бабалардың басына барып, зиярат етіп Құран бағыштады.

Сурет автордан

Қариялар ең алдымен, күллі түркі жұртына танымал тұлға, Қожа Ахмет Яссауидің ұстазы болған Арыстанбаб кесенесіне зиярат жасады. Одан кейін Отырар, тарихи-мәдени ескерткіштердің тарихымен танысты. Сапарларын жаңарған Түркістан шаһарында жалғастырып, Яссауи кесенесін, «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік та­рихи-мәдени қорық-музейін тамашалады. Мәдени-рухани ор­талық пен әкімшілік-іскерлік ор­талықта бой көтерген зәулім ғи­мараттарды аралап көрді.

Ар­дагерлер рухани астананың жаңарып, зәулім ғимараттардың бой көтеріп, өзгергенін және ерекше әсерге бөленгендерін жеткізіп, түрленген Түркістан сапарын ұйымдастырған Ақтоғай ауданының басшысы Абылай Аманжоловқа алғыстарын жаудырды. Сонымен қатар, Түркістан облысындағы «Кентау сервис» МКК ТЭЦ-5 директоры, ақтоғайлық Саяхат Ыбышов ардагерлерімізді күтіп алып, ақ дастарханын жайып, сый-сияпат жасады. «Елге еңбек еткен жақсы, еңбекті елеген ел жақсы» демекші, ардагерлер осы іске мұрындық болған ел азаматтарына осындай үлкенге көрсеткен сый-құрметі үшін шексіз ризашылығын білдіріп, ақ батасын берді.

Сондай-ақ, Түркістан облысы Ардагерлер кеңесінің ұжымымен кездесіп, «Ардагерлер» ансамблі мерекелік концерт ұсынды. Алдағы уақытта аудандағы ардақты ардагерлерді тарихи орындарға апару жалғасын табатын болады. Бұл туралы Ақтоғай ауданының ішкі саясат бөлімінің басшысы Алмас Қайрат мәлімдеді.

«Себебі, мұндай саяхаттан ардагерлер рухани серпіліп, қасиетті өлкеге саяхат жасау арқылы айрықша әсерге бөленіп, көңілдері марқайып қайтады» деді ол.

Нұрдос КӘРІМ,
Ақтоғай ауданы
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button