Спорт

Ардагер балуанға құрмет

Приозерск қаласы әкімінің міндетін атқарушы Мансұр Ахмет­ов Оралда самбодан ардагерлер арасында Әлем чемпионатында ІІІ орынға ие болған Айдар Садуахасовты қабылдады. Аталған шараға бөлім басшылары және бапкерлер қатысты.

Спортшымен кездесу барысында шаһар басшысы қала спорт саласындағы жетістігі тағы бір үлкен жеңіспен толыққанын, бұл жетістіктің күшті рух пен үздіксіз шынығу және зор еңбектің арқасында келгенін айтып өтті.

– Спорт – денсаулық кепілі десек, спорттағы жетістіктер – ел мерейін өсіретін, азаматтық намыс пен жігерді шыңдап, даңқын арттыратын тынымсыз еңбек пен төккен тердің жемісі. Киелі де қасиетті Арқа өңірінің абыройын асқақтату жолындағы спорт саласында жеткен жетістіктеріңізге алғысымды білдіремін. Алдағы уақытта да спорт саласының сан қырлы сырларын меңгеріп, жеңіс туын әрдайым биіктен желбіретуге тілектеспін, – деді Мансұр Ахметов.

Сарышаған кентінің теміржол бекетінен сый-құрмет көрсетіп, күтіп алған жанкүйер қауым жаһандық жарыста жарқылдаған жерлестерінің жеңісіне ортақтасып, спортшыға ізгі тілектерін жолдады. Қала басшысы 71 келіде белдесіп, ел мерейін үстем еткен балуанға Алғыс хат пен теледидар тарту етіп, сәттілік тіледі.

Нұрдос КӘРІМ,
«Ortalyq Qazaqstan»

ПРИОЗЕРСК

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button