Бас тақырып

Қарағандының 85 жылдық мерейтойы қалай тойланады?

Қарағанды қаласына 1934 жылдың 10 ақпанында қала мәртебесі берілді. Биыл кеншілер шаһарына – 85 жыл. Қарағандының мерейтойын атап өту аясында қалада бірқатар мерекелік шаралар ұйымдастырылмақ.

10 ақпан күні сағат 11:00-де “Молодежный” мәдениет үйінде “Қарағанды жұлдыздары” конкурс-фестивалі өтеді.

Сағат 12:00-де “Теміржолшылар” мәдениет үйінде “Ынтымағы жарасқан Арқа елім” концерттік бағдарламасын өткізу жоспарланған. Дәл осы кезде “Жаңа Майқұдық” мәдениет үйінде “Шуағын шашқан Қарағанды” концерті болады. 

“Таир” сайда үйінің екінші қабатында  «Кітап fest» фестивалі ұйымдастырылмақ.

Сағат 18:00-де “Шахтер” стадионында   «I love Karaganda» (Мұзды Fest) концерті қойылады.

Қала тұрғындары мен қонақтары сағат 19:00-де мерекелік отшашуды тамашалай алады. 

Басқа материалдар

Back to top button