Қарағандылық төртем перзентханадан шығарылды

Қарағанды облысында алғаш рет дүниеге төртемнің келуі тіркелді. Бүгін облыстық перинатальдық орталық мамандары төртемді ата-анасымен бірге үйіне шығарып салды.

Регина мен Николай 2014 жылы шаңырақ көтерген. Тұңғыштарының өмірге келуін төрт жыл күтіп, төртінші айдың төрті күні дүниеге төртем әкелді.

— Біз мобильдік қосымшаның көмегі арқылы Саран қаласында төртемге аяғы ауыр келіншектің барын біліп, дереу облыстық перинатальдық орталыққа алдырдық. Орталық мамандарының қажырлы еңбегінің арқасында Регина өз уақытында босанып, дүниеге үш ұл мен бір қыз әкелді. Балалардың денсаулығына ешқандай қатер төніп тұрған жоқ, — деді Облыстық перинатальдық орталықтың директоры Сәуле Аманбекова.

Қуаныштымын! Басында қорықтым, бірақ, кейі бәрі ұмытылды. Күйеуім бір ай бойы менімен бірге перзентханада жатыр. Туыстарымыз, достарымыз да қолдарынан келген көмектерін аямауда. Осы орталықтың қызметкерлеріне шын жүректен алғыс айтқым келеді, — деді төртемнің анасы Регина Горх.

Қарағандылық тұңғыш төртемнің ата-анасы Саран қаласында бір бөлмелі пәтерде тұрып жатыр екен. Николай Горх осыған дейін жекеменшік фирмалардың бірінде жүк қалаушы болып қызмет еткен. Балалары дүниеге келген соң жарына көмектесу үшін жұмыстан шығып кетіпті. Енді жақындары мен достарының қолдауына арқа сүйеуде.

Төртемнің дүниеге келуі сирек кездесетіндігін айтып өттік қой, әрі облысымызда алғаш рет тіркеліп отыр екен. Сондықтан Саран қаласының әкімдігі жас жұбайлардың материалдық жағдайларына қарайласқаны құба-құп болар еді…

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.