Қарағанды

Қарағандылық құтқарушылар Түркияға көмекке аттанды

Түркияға жер сілкінісінің салдарын жоюға көмектесу үшін қарағандылық құтқарушылар аттанды. Апат аймағына олар басқа өңірлерден келген әріптестерімен бірге Астанадан ұшып кетті.

– Қарағанды командасының құрамында 15 адам – ТЖД құтқарушылары, оның ішінде кинологиялық құрам, сондай-ақ апаттар медицинасы орталығының дәрігері мен фельдшері бар. Команда 14 тәулікке автономды жұмысты ескере отырып, авариялық-құтқару құралымен, медициналық мүлікпен, байланыс және тіршілікті қамтамасыз ету құралдарымен жасақталған, – деп хабарлады Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі.

ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button