Жаңалықтар

Қарағандылық оқушылар үздіктер қатарында

Алматыда өткен ХХ Халықаралық О.Жәутіков олимпиадасынан қарағандылық үш оқушы үшінші орын әкелді. Әлемнің 16 елінен 700-ге жуық оқушы бақ сынасқан білім додасында жеңімпаз атанды.

Суреттер: облыстық білім басқармасынан

№1 Білім-инновация лицейінің 10 сынып оқушылары Әліби Ақберді мен Жанарыс Теңдіков және Н.Нұрмақов атындағы мамандандырылған мектеп-лицей интернатының 10 сынып оқушысы Әлішер Қазтаев үшінші орын алып, облыс намысын қорғады.

– Жанарыс Теңдіков 7 сыныптан бастап, математикалық сайыстарға қатысып келеді. Өткен жылы ол республикалық олимпиадада бірінші орынды иеленді. Биылғы жылы геометрия бо­йынша халықаралық олимпиадада 10th Iranian Geometry Olympiad үшінші орын алды. Жанарыс Қазақстан құрамасының резервінде, – деді №1 Білім-инновация лицейінің математика пәнінің мұғалімі Серікжан Қалданов.

О.Жәутіков халықаралық олимпиадасы 2005 жылдан тұрақты өтіп келеді. Халықаралық қазылар алқасы жеті елдің – Қазақстан, Ресей, Армения, Беларусь, Оңтүстік Корея, Қытай және АҚШ өкілдерінен тұрды.

Ербол ЕРБОЛАТ,
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button