Қарағанды

Қарағандылық оқушы өрт-құтқару спортынан Қазақстанның абсолютті чемпионы атанды

Қарағандылық 9 сынып оқушысы Антон Мартынов өрт-құтқару спорты бойынша ҚР қысқы чемпионатында шабуыл сатысымен көтерілгені және кедергілері бар жүз метрлік жолақты еңсергені үшін екі алтын медаль жеңіп алды.

Сурет : Облыс баспасөз қызметінен

Антон № 32 жалпы білім беретін мектептің 9 сыныбында оқиды. Өрт-құтқару спортымен 10 жастан бастап айналысады. Ел чемпионаттарына бірінші рет қатысып отырған жоқ. Бұрын жүлделі орындарға ие болған. Ал биыл ол абсолютті чемпион атанды.

– Маған өрт-құтқару спорты ұнайды. Мен онымен 6 жыл айналысып келемін. Чемпионат мен үшін қиын болған жоқ. Бірақ қарсыластардың бәрі лайықты. Жеңіске қарамастан, мен демалуға уақытым жоқ. Менің мақсатым – биыл Моңғолияда өтетін әлем чемпионатына қатысу, – дейді Антон Мартынов. – Оқуға дайындық кедергі емес. Мен озат оқушымын, сонымен қатар ағылшын тілін үйренңп жүрмін. Бірақ әлі болашақ мамандығымды таңдаған жоқпын.

Қарағанды облысы ТЖД атынан қысқы чемпионатқа үш команда қатысты – ерлер, әйелдер және жасөспірімдер. Ерлер құрамасында № 1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің аға өрт сөндіруші-құтқарушысы Бауыржан Текенов ерекше көзге түсті. Ол өрт-құтқару спортынан ҚР спорт шебері, сондай-ақ өрт-құтқару спортынан Қазақстан ұлттық құрамасының мүшесі.

– Чемпионатта Бауыржан Текенов кедергілермен жүз метрлік қашықтықты тамаша еңсеріп, чемпион атанды. 2008 жылдан бері біздің спортшылар чемпион болмағанын ескерсек, бұл біз үшін жақсы нәтиже. Егер 2-3 жыл бұрын біздің спортшылар командалар арасында 15–16-шы орында болса, қазір біз үздік ондыққа кіреміз, – деп атап өтті Қарағанды облысы ТЖД Өрт-құтқару спорты бойынша бас бапкері азаматтық қорғау капитаны Мұхамедрахым Нұркеев. – Біз жыл бойы спортшыларды даярлаумен айналысамыз. Бізде жұмыс істейтін қызметкерлер де, әуесқойлар да жаттығады. Барлығы 50-ге жуық спортшы бар. Біз № 2 өрт сөндіру бөлімінің базасында және жеңіл атлетика манежінде жаттығамыз. Біздің өз кешеніміз болғанын қалаймын. Сабақтар тегін.

Өрт-құтқару спорты бойынша қысқы чемпионат 20–25 ақпан аралығында Астанада өтті. Жарысқа барлығы 12 әйел, 21 ер және 14 жасөспірім құрамасы қатысты.

Чемпионаттың жеңімпаздары мен жүлдегерлері әкімшіліктің медальдарымен және бағалы сыйлықтарымен марапатталды.

Облыс әкімдігінің баспасөз қызметі

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button