Қарағандылық Алан Құрманғалиев Ливандағы үстел теннисі турнирінде қос медальға қол жеткізді

Джеззинде (Ливан) WTT Youth Contender Jezzine үстел теннисінің өкілдік турнирі аяқталғалы жатыр. 15 жастағы қарағандылық Алан Құрманғалиев (жаттықтырушысы – Эльмира Әлиева) екі жас санатында өнер көрсетіп, екі медаль жеңіп алды.

Алан 17 жасар теннисшілер арасында чемпион атанды. Бірінші орынға жету жолында ол Абад әл-Абдулла (Катар), Карим Шатун (Иордания), Стивен Морено (Пуэрто-Рико), Беньямин Фараджи (Иран), Реми Шамбе-Вейль (Голландия), Амирмахди Кешаварзиден (Иран) басым түсті.

19 жас санатында қарағандылық қола медаль жеңіп алды.