Жаңалықтар

Қарағандыдан рух іздеп жүрсіз бе?!

Қызғалдақ АЙТЖАНОВА,
«Орталық Қазақстан»

kzg
    «Орталықтың» мысы басып тұрады. Басқаны қайдам, өзімді. Дәйім. Әлі де.
… Тап кешегідей есімде. Сонау студент жылдарда «Орталыққа» келу, оның табалдырығынан аттау біз үшін  – қиямет қайым-тын. Шимай-шатпағымызды әкелуге бірнеше оқталып, атылмай қалған кезіміз қаншама. Облыстық газеттің редакциясына келу үшін маған тастүйін дайындық қажет-тін. Өйткені, «Орталықтың» мысы күшті еді… Қанша өзімшілдікке салып, өрекпіп келгенде жынын алдырған бақсыдай болатынбыз. Студентпіз ғой. Журналист болу арман. Кәдімгі, кәнігі, тіс қаққан журналистерді көреміз. Көреміз де, жалымыз жығылып, жуасып сала береміз. Келсек те, бақайымыздың ұшымен жүреміз. Дымымызды білдірмейміз. Әр ашылған есікке жаутаң-жаутаң. Әйтеуір, көңілі түскен, жылы қараған бір журналист көкемізге кезіксек,  жазу-сызуымызды қолына қыстыра салып, зытып тұрамыз. Ол жарай ма, жарамай ма? Газетке шыға ма, шықпай ма?! Сұрауға дәрмен жоқ. Әйтеуір, бір алапат күш – қалам ұстаудың құдіреті барын іштей сездіретін.  Сезіп қана қоймаймыз. Оны санамызбен түйсінген сайын ол күш одан сайын тұқырта түсетін…
… Кейін білдік. Ол – «Орталық» шаңырағының қасиеті, киесі екен. Мұнда, қазақтың біртуар ұлдарының ізі жатыр. Рухы бар. Сол рух екен. Мысымызды басатын. Қаламның қуатты күшін ұғындыратын.
…Қарағандыдан рух таппай жүрсіз бе? «Орталықтың» табалдырығынан төріне дейін Рух тұнып тұр… Ағалардан қалған рух… Әлі бар… Кие мен қасиет бар… «Орталықта»…

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button