Жаңалықтар

Қарағандыда жылыту маусымы басталды

Жылыту маусымы Қарағандыда бүгін, 1-ші қазанда басталды. Бірінші кезекте жылу мектептер, балабақшалар мен ауруханаларға берілді. Көпқабатты тұрғын үйлерде құбырлар осы аптаның соңына қарай жыли бастайды.

– Ауа райының жылуын ескере келе, біз жылуды біртіндеп, жеті күн ішінде қоса бастаймыз. Бүгінгі таңда жылу 26 білім беру нысандарына, 15 балабақша мен 8 денсаулық сақтау нысандарына берілді. Сондай-ақ ПИК өтініштері бойынша 121 көпқабатты тұрғын үйлер қосылды, – деп мәлімдеді Қарағанды қаласының әкімі Нұрлан Әубәкіров облыс әкімдігінде өткен аппараттық жиналыста. 
Қазір Қарағанды жылуды екі көзден алады: ЖЭО-1 және ЖЭО-3. Екі жылу электр станцияларындағы берілетін жылу температурасы – 60 градус. 
Республика даңғылы және Гоголь көшесіндегі жылу құбырларының жөнделуіне тоқталар болсақ – онда жұмыстар кестеге сай жүргізіліп жатыр, ешқандай қауіп жоқ. 
Теміртауда да ЖЭО-2-де №3 қазандықта жөндеу жұмыстары өтуде. Ол 15-ші қазанда аяқталады деп жоспарланып отыр. Дегенмен, қала тұрғындарының үйлеріне жылу 5-ші қазаннан бастап беріледі. Қаладағы желілерді қысыммен тексеру және жуу аяқталған. 
Балқашта 5-ші қазанда ыстық сумен қамту іске қосылады. Үйлерді жылыту 10-шы қазаннан басталады деп жоспарланған, алайда алдағы екі аптада ауа-райы болжамы бойынша ауа температурасы күндіз 27 градусқа дейін көтерілуі мүмкін, сондықтан жылу беруді сәл кідіру туралы шешім қабылданған.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button