АймақБас тақырыпҚарағанды

Қарағандыда жылу беру маусымы қашан аяқталады?

Қарағандыда жылу беру маусымын аяқтау туралы шешім қабылданды. Бұл туралы қала әкімі Мейрам Кожухов өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында мәлімдеді.

Сурет: moldova1.md

Қарағанды әкімі Мейрам Кожухов әлеуметтік желідегі парақшасында пәтерлерде ыстық су және жылу беру маусымының аяқталуын күтетіндерге жауап берді.

 – Біреуі ыстық, екіншісі суық, дейді. Маған «Жылуды өшіріңіз» деген пікірлер жазылуда. Ал бірінші қабаттарда тұратын көршілеріңіз туралы не айтасыз? Ал көлеңкеде тұрған үйлер туралы ше? Ойламадыңыз ба? Достар, егер Сіздерге ыстық болса, радиаторлардағы крандарды жабыңыз, ал әлі орнатпағандарға орнатуға кеңес беремін. Қазір мынадай сұрақтар туындайды: біз крандарды жауып тастаймыз, сонда неге қолданбаған жылуымыз үшін төлеуіміз керек? Жақсы сұрақ және өте қарапайым жауап –  жертөлелерге жылу есептегіштерін орнатыңыз және қолданған мөлшеріңіздің ақысын төлеңіз, — деп жазды әкім парақшасында.

Тұрғындардың тарапынан наразылықты болдырмау үшін, жылдағыдай тұтынушылардың өтініштері бойынша жылу беруді тоқтату туралы шешім қабылданды.

Сол себепті мүлік меншік иелері бірлестігіне (МИБ) немесе жай серіктестіктің сенім білдірілген тұлғасына сәйкес не көппәтерлі тұрғын үйді басқарушы немесе басқарушы компания (ПИК) органдары «Теплотранзит Қарағанды» ЖШС-не үйді жылудан ажыратуға өтінім беруі қажет, тиісінше аталмыш қызмет бір тәулік ішінде жүргізілетін болады.

Басқарушы орган төрағасының қолы қойылған өтінімді «Пригородная» көшесі, 9/2 мекенжайында орналасқан «Теплотранзит Қарағанды» ЖШС жедел-диспетчерлік қызметіне жазбаша түрде беру қажет.

Ал жылыту маусымын 30 сәуірде аяқтау жоспарлануда. Ең бастысы, қалада жылыту маусымы үш күн ішінде сыртқы ауаның орташа тәуліктік температурасы +10°C және одан жоғары болған кезде толық аяқталады.

Аида РАХЫМҚҰЛОВА,

Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button