Қарағандыда жыл соңына дейін 100 IT-сынып ашылады

Қарағанды облысындағы колледждер мен мектептер жыл соңына дейін заманауи компьютерлермен жабдықталады. Бұл студенттер мен оқушылардың бағдарламалау тілін,   3D модельдеуді және web-парақша құруды  тереңірек меңгерулеріне жол ашпақ.  

Жоспар бойынша, жаңа сыныптарда екі мыңға жуық оқушы   ІТ-теxнологияларды меңгеруі тиіс. Дәрістер тегін жүргізіледі. Бұл — білім алуға құлшынған жастар үшін үлкен мүмкіндік.  Өткен жылы облысымызда дәл осындай 76 сынып ашылғанын да айта кеткен жөн. Заманауи компьютерлермен облыстың қалаларындағы да, ауылдардағы барлық мектептерін жабдықтау көзделіп отыр. Бұл жаңартулар «Нұр Отан» партиясының «Балаларға арналған тегін IT – сыныптар» жаңа бастамашыл жобаларын жүзеге асыру шеңберінде өткізілетін болады. Қажетті теxника жергілікті бюджет және демеушілер қаражаты есебінен сатып алынады. 

Қарағанды облысы әкімінің баспасөз қызметі