АймақҚарағанды

Қарағандыда жеңіл көлік тепловозбен соқтығысып, екі адам қаза тапты

Кеше, 21 қаңтар күні таңертең Қарағандыда ірі көлік апаты орын алды. 31 жастағы «Lada Priora» жүргізушісі шлагбаумды айналып өтіп, Саран тас жолындағы жабық теміржол өткеліне шығып кетіп, топловозбен соқтығысқан. Апат салдарынан екі адам қайтыс болды, тағы үшеуі ауруханаға жеткізілді.

Сурет: бейнеден кадр

– 31 жастағы «Лада Приора» автокөлігінің жүргізушісі Саран тас жолымен Костенко шахтасы жағынан «Тойота орталығына» қарай келе жатып, реттелетін теміржол өткелінде жабық шлагбаумды айналып өтіп, тепловоз жүріп бара жатқан теміржол өткеліне шығып кеткен. Апат салдарынан автокөліктің екі жолаушысы оқиға орнында қайтыс болды. Автокөліктің жүргізушісі және тағы үш жолаушы медициналық мекемеге жеткізілді, – деп хабарлады Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметі.

Аталмыш іс бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Тепловоздан бейнебақылау камераларының жазбалары алынды. Тиісті сараптамалар тағайындалды.

Аида РАХЫМҚҰЛОВА,

Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button