Ресми

Жолдың жайы – елдің жайы

Өткен жылы жалпы пайдаланымдағы 1 354 шақырым автомобиль жолдары жөндеумен қамтылды, оның ішінде республикалық маңызы бар жол – 640 шақырым, облыстық маңызы бар жол – 297 шақырым, қалалар мен аудандар бойынша – 417 шақырым.

2023 жылы «Қарағанды-Балқаш» рес­публикалық автожолында 4 жолақ бойынша төменгі қабаттарда жол жабынын төсеу аяқталды, биыл толық аяқталды.

Сондай-ақ, «Балқаш-Бурылбайтал» автожолының екі учаскесінің құрылысы аяқталды, үшінші учаскеде 2024 жылы аяқтау жоспарлануда.

2024 жылы «Қарағанды-Жезқазған» автожолын қайта жаңарту жобасы басталады. ЖСҚ әзірлеу жүргізілуде.

Жалпы ұзындығы 44 шақырым «Қарағанды-Қарқаралы» автомобиль жолына орташа жөндеу жүргізілді.

Облыстық маңызы бар автожолдарды жөндеуге тоқталар болсақ, биыл «Нұра-Шахтер» автожолының 20 шақырымын қайта жаңарту аяқталды. Сонымен қатар, бұл жолда апатты жағдайда болған 4 су өткізгіш құбырға күрделі жөндеу жұмыстары аяқталды.

«Осакаров-Молодежное» автожолы­ның 16 шақырымын қайта жаңарту аяқ­талды.

Ұзындығы 20 шақырым «Нұра-Осакаровка» жолының учаскесі қайта жаңартумен қамтылды.

Көлік құралдарының қозғалысы үшін ашық учаскеде жол жиектерін нығайту және тосқауыл қоршауын орнату жұмыс­тары жүргізілді. Жұмыс биыл жалғасады.

Сондай-ақ, 2023 жылы «Новодолинка-Шахан-Молодецкое» автожолының 17 шақырымын қайта жаңарту аяқталды.

Одан бөлек, осы жолда Нұра және Соқыр өзендері арқылы өтетін екі көпірді қайта жаңарту аяқталды. Көпірлерді реконструкциялау Асыл, Қаражар ауылдарына кедергісіз өтуді қамтамасыз етті. Өйткені, өткен жылдардағы су тасқыны кезеңінде аталған елді мекендерге және жалпы жол бойымен көлік қатынасы шектелді.

«Теміртау-Токаревка» автожолында Нұра өзені арқылы өтетін көпірді қайта жаңарту жүргізілуде. Бүгінгі таңда көпірдің екі шеткі тірегі дайын, бұрғылау қадаларын орнату жұмыстары жүргізілуде. Жобаны іске асыру 2024 жылы жалғасады.

Абай ауданында «Жартас-Долинка» жолының 21-шақырымын қайта жаңарту жалғасуда. Жолдың 18-шақырымында асфальтбетонның жоғарғы қабатымен жүру мүмкіндігі берілді. Құрылыс-монтаж жұмыстары биыл жалғасады.

2023 жылы жалпы ұзындығы 194 шақырым облыстық маңызы бар автожолдардың 11 учаскесіне орташа жөндеу жүргізілді.

Орташа жөндеу бойынша учаскелерді анықтау кезінде қозғалыс қарқындылығы, халықты қамту, жолдың тозуы, өңір азаматтарының өтініштері және тағы басқа көптеген факторлар ескерілетінін атап өткен жөн.

Мысалы, «Сәкен Сейфуллин-Өс­пен-Ақадыр» автожолында орташа жөндеу жүргізілді. Ұзындығы 30 шақырым грейдерлік жабын асфальтқа ауыстырылды. Соңғы 30 жылда мұндай жөндеу жұмыс­тары жүргізілген жоқ.

Сондай-ақ, «Ақсу-Аюлы-Ақтоғай» автожолының 50 шақырымына орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді. 2024 жылы тағы 57 шақырымды жөндеуді жоспарлап отырмыз, осыны ескере отырып, ұзындығы 123 шақырым болатын барлық автожол жөндеумен қамтылады.

Облыс орталығы бойынша өткен жылы 89 шақырым автомобиль жолдары құрылыспен және жөндеумен қамтылды.

Космонавттар көшесі автожолын қайта жаңарту, Пичугин көшесін күрделі жөндеу, сондай-ақ, «Үлкен Михайловка» станциясының ауданында теміржол арқылы жаяу жүргіншілер өткелін салу сияқты ауқымды автожол жобалары басталды.

Орташа жөндеу шеңберінде 2022 жылдан бастап, 4 ауыспалы нысанда жұмыстар аяқталды, сондай-ақ, жалпы ұзындығы 72 шақырым болатын 52 жаңа учаскеге орташа жөндеу жүргізілді.

2024 жылға арналған жоспарларға келетін болсақ, жалпы пайдаланымдағы 1029 шақырым автожолдарды жөндеумен қамту жоспарлануда.

Жалпы облыстың жол-көлік инфрақұрылымын дамыту бойынша жұмыс­тар жалғасуда.

Жолаушылар көлігі облыс үшін үлкен әлеуметтік-экономикалық маңызға ие. Тұрақты маршруттарда 34 тасымалдаушы жұмыс істейді. 186 маршрутта 836-дан астам автобус тартылды.

Облыс басшылығы қойған тасымалдау қызметтерін көрсету сапасын жақсарту жөніндегі міндеттер шеңберінде соңғы жылдары қоғамдық көлікті жаңарту бойынша жұмыстар белсенді жүргізілуде.

2022 жылы облыс тасымалдаушылары 69 жаңа қалалық автобус сатып алды. Өткен жылы 195 жаңа автобус сатып алынды. Автобустар отандық «QazTehna» автоөндірушісінен сатып алынды.

Оның ішінде 146 автобус облыс орталығының қалаішілік бағыттарына тартылған. 44 автобус спутниктік қалалар мен қалааралық маршруттарда ескірген жылжымалы құрамды ауыстырды.

Нәтижесінде, Қарағанды маңына қыз­мет көрсететін автобустардың 50%-ы жаңартылды.

Қарағанды қаласына келетін болсақ, жаңарту есебінен автобустарды пайдала­нудың орташа мерзімі 11 жылдан 6,5 жыл­ға дейін қысқарды.

Айта кету керек, барлық сатып алын­ған қалалық автобустар және 36 бірлік қала маңындағы автобустар мүмкіндігі шектеулі жандарды тасымалдауға бейімделген.

Баршаңызға белгілі, Қарағанды қаласының маршруттарында 2021 жылдың желтоқсан айынан бастап «ONAY» электронды жол ақысын төлеу жүйесі жұмыс істейді. Жүйе қала ішіндегі маршруттарда өзін оң жағынан көрсетті.

Осыған байланысты, 2023 жылдың 1 ақпанынан бастап осы жүйені облыс орталығын спутниктік қалалармен байланыстыратын маршруттарда енгізу туралы шешім қабылданды.

Электрондық билетпен Қарағандыдан Теміртау, Шахтинск, Саран, Абай қалаларына, сондай-ақ, Шахан және Топар кенттеріне дейінгі маршруттар қамтылды.

Бұл ретте электрондық төлем кезінде тарифтер 80 теңгеге дейін төмендетілді.

Бүгінгі таңда жол жүру үшін қолма-қол ақшасыз төлемнің үлесі 95% деңгейінде.

Осыған ұқсас жүйе Саран және Балқаш қалаларында іске қосылды. Теміртау қаласының маршруттарын жүйемен қамту мәселесі пысықталуда.

Өткен жылдың мамыр айынан бастап Қарағанды қаласының қалаішілік маршруттарында 7 жастан 18 жасқа дейінгі балалар үшін тегін жол жүру құқығы берілді, олардың саны 100 мың адамды құрайды.

Жалпы көлік жүйесінде теміржол көлігі маңызды рөл атқарады.

Облыс аумағында 7 әлеуметтік маңызы бар теміржол қатынасы бойынша жолаушыларды тасымалдау ұйымдастырылды. Оның ішінде 2 пойыз және 5 электр пойызы бар.

Балқаш қаласын әлеуметтік-экономикалық дамытудың 2023-2027 жылдарға арналған кешенді жоспары шеңберінде 2023 жылғы 24 маусымнан бастап «Қарағанды-Балқаш» облысішілік пойызының құрамы 4-тен 6 вагонға дейін ұлғайтылды, бұл тасымалданатын жолаушылар санын 160 мыңнан 200 мың адамға дейін ұлғайтуға мүмкіндік береді.

Жалпы, облыстың жол-көлік инфрақұрылымын дамыту бойынша жұмыс­тар жалғасуда.

Мақсұт ҚОЖАНОВ,
облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button