Қарағанды

Қарағандыда заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырған тұрғынның қызметі әшкереленді

Қарағанды облысында «STOP-игра» жедел алдын алу іс-шарасы аясында заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырған өңір тұрғынының қызметі әшкереленді. Бұл туралы ҚР Қаржы мониторинг агенттігінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Қарағанды қ. қонақ үй кешендерінің бірінде жұмыс істеген астыртын покер клубының қызметі әшкереленді. Тінту барысында ақшалай қаражат, ұялы телефондар, покер фишкалары, ойын карталары, покер жиынтығы және Покер ойнауға арналған үстел табылып, тәркіленді. Ұйымдастырушы бастапқы ақшалай мөлшерлемемен ақша қаражаты үшін фишкаларды сату арқылы құмар ойындар өткізілгені анықталды», – делінген ведомство хабарламасында.

Аталған фактілер бойынша қылмыстық іс тіркеліп, сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. ҚР ҚПК 201-бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесінде жария етуге жатпайды.

Басқа материалдар

Back to top button