Жаңалықтар

Қарағандыдағы жеңіс

    Дүйсенбі күні «Сарыарқа» Қарағандыда Новокузнецкінің «Металлургін» қабылдады. Жерлестеріміз 3:0 есебімен жеңіске жетті.

Алғашқы шайбаны 17-ші минутта Даниил Ердаков салды. 1:0.

42-ші минутта Исаак Валицкий есепті еселеді. 2:0.

Арада үш минут өте Айрат Зиазов таблодағы көрсеткішті 3:0-ге жеткізді.

Ресейліктер қарағандылықтардың қарқынына қауқар таныта алмады. Ойын «Сарыарқаның» пайдасына шешілді.

Бүгін «Сарыарқа» Воскресенскнің «Химигімен» кездеседі.

Қазір турнир кестесінің 12-ші сатысында. Қоржында 12 ұпай бар.

Нұрқанат ҚАНАФИН

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button