Білім

Қарағандыда «Roboland – 2024» IX халықаралық робототехника, бағдарламалау және инновациялық технологиялар фестивалі өтеді

Қарағандыда «Roboland – 2024» IX Халықаралық робототехника, бағдарламалау және инновациялық технологиялар фестиваліне дайындық басталды. Биылғы фестиваль 29-30 наурыз күндеріне жоспарланған. RoboLand – Қазақстандағы алғашқы және ірі робототехникалық жоба, техникалық шығармашылық пен жаңа технологиялардың ең ауқымды форумдарының бірі.

Суреттер: roboland.kz

Фестивальдың ұйымдастырушылары ҚР Оқу-ағарту министрлігі, «Kazdidac» қауымдастығы, Қарағанды облысының білім басқармасы болып табылады.

Оның басты мақсаты – балалардың ғылыми-техникалық шығармашылығын ілгерілету, инновациялық қызметті танымал ету, білім беру робототехникасы саласында озық тәжірибемен алмасу, мықты робототехникалық командаларды анықтау.

Жыл сайын фестивальдің дәрежесі күшейіп, бәсекелестік артып келеді. Тіркеу мен қорытындылаудың электрондық жүйесі, сондай-ақ тәуелсіз кәсіби судьялар алқасы өзгеріссіз қалады. Жарыстың бас төрешісі – халықаралық спорттық және білім беру робототехникасы қауымдастығының президенті Максим Васильев.
Биылғы жылы финалға қатысушылар 15 санат бойынша бақ сынайды.Сонымен қатар RoboLand Kazakhstan санатына өзгерістер енгізілген. Яғни қатысушыларды шығармашылық санаттағы жаңа тақырыптар күтіп тұр.
Жылдағы дәстүр бойынша, соңғы кезеңге дейін іріктеу жарыстары мен біліктілік іріктеуі өтеді.

Фестивальге Қазақстанның түкпір-түкпірінен және шет елдерден мықты командалар жиналады. Биыл фестивальға ауылдық тірек мектептерінің қатысуының арнайы шарттары енгізілуде.

Айта кетейік, фестиваль Қарағандыда 29-30 наурыз күндері «Шахтер» орталық стадионы, «Жастар» спорт кешені, Қазақстан көшесі, 1/4 мекенжайында өтеді.

Roboland фестивалі Қарағандыда 2015 жылдан бері өткізіліп келеді. 2016 жылдан бастап ол халықаралық мәртебеге ие болды. Қарағанды алаңында Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан, Сербия, Польша, Италия, Греция, Грузия командалары бақ сынасып келеді. RoboLand ҚР Оқу-ағарту министрлігінің олимпиадалар мен жарыстар тізіміне енгізілген.

Қосымша ақпарат алу үшін:
Тел. / факс: +7 (7212) 41 51 94
Моб. Тел.: +7 (776) 006 82 88
E-mail: roboland.kz@gmail.com

Аида РАХЫМҚҰЛОВА,

Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button