Білім

Қарағандыда «RoboLand 2023» VIII Халықаралық фестивалі өтеді

Қарағандыда 3-қараша күні «RoboLand 2023» VIII Халықаралық робототехника, бағдарламалау және инновациялық технологиялар фестивалінің ашылуы өтпек. Оған Өзбекстан, Қырғызстан, Грузия және Ресей елінен 4-18 жас аралығында 300-ден астам команда қатысады деп күтілуде.

«RoboLand» – елдегі алғашқы және ірі робототехникалық жоба. Шара техникалық шығармашылық пен жаңа технологиялардың ең ауқымды форумы. Халықаралық байқау Қарағандыда 2015 жылдан бері өткізіліп келеді. Содан бері форумға ҚР Білім Министрлігінің, «Kazdidac» қауымдастығының, білім беруді тұрақты дамыту Қорының қолдауымен облыстық білім басқармасының мұрындық болуымен өткізілуде.

Қарағандыда өтетін халықаралық байқауға жолдама алу үшін 1100-ден астам команда өзара бақ сынапты. Олар, Қарағанды, Маңғыстау, Қостанай облысы мен Ресейде өткен өңірлік байқауларға қатысып, іріктелген. Бұл жолы фестиваль 16 аталым бойынша өтпек. Ал, фестивальде халықаралық спорттық және білім беру робототехникасы қауымдастығының президенті Максим Васильев төрелік етеді.

Фестивальдің іскерлік бағдарламасында робототехника, информатика және STEM-білім беруді дамыту мәселелері талқыланады. Әрі өзге мемлекеттен келген спикерлер баяндама жасайды.

Айта кетейік, фестиваль 3-4 қарашада Қарағанды қаласы, «Жастар» спорт кешенінде («Шахтер» орталық стадионы Казахстанская көшесі, 1/4) өтеді.

Толық ақпаратты www.roboland.kz сайтынан немесе +7 776 006 82 88 ұялы байланысы арқылы білуге болады.

Аида РАХЫМҚҰЛОВА,
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button