Бас тақырып

Қарағандыда «Ұлттық кітап күні» тойланды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайда «Қазақстанда жастарды оқуға деген сүйіспеншілікке баулу қажет. Біз «жаппай кітап оқитын ұлтқа айналуымыз керек» деп атап өткен болатын. Осы орайда, бүгін Қарағанды орталық мәдениет және демалыс саябағында Ұлттық кітап күніне және ақын Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына арналған «Кітаппен кемел болашаққа» атты кітап фестивалі өтті.

Суреттерді түсірген Александр МАРЧЕНКО

Іс-шара барысында Қарағанды облыстық кітапханалары ұйымдастырған кітап көрмесі қойылып, түрлі викториналық ойындар өткізілді. Сондай-ақ, Абайдың өлеңдері оқылып, іс-шара концерттік бағдарламамен жалғасын тапты. Фестивальға Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, «Парасат» орденінің иегері Рымбала Омарбекова, Қазақстан Жазушылар одағы облыстық филиалының жетекшісі Жанат Жаңқашұлы, Қарағанды облыстық мәслихатының депутаты Айтбай Жұмағұлов және қаламгерлер мен ақын-жазушылар, журналистер, мәдениет және қоғам қайраткерлері, қоғам белсенділері, студент жастар, мектеп оқушылары, қала тұрғындары қатысты.

Фестиваль – кітап оқуға баулу, қоғамның мәдени құндылықтары мен зияткерлік потенциалын арттыру мақсатында Қарағанды облыстық кітапханаларының ұйымдастыруымен, сонымен қатар, Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының қолдауымен өтті.

Ербол ЕРБОЛАТ

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button