Қарағандының “Университет” көшесінде жаңа жол бақылау камерасы іске қосылды
Қарағандыда жол қозғалысы ережелерін автоматты түрде бақылайтын камера 2 қыркүйектен бастап штаттық режимде жұмыс істей бастады. Енді құрылғы жүргізушілердің жылдамдықты асыруын ғана емес, көлік жүргізу кезінде телефон қолдануын және қауіпсіздік белдігін тақпауын да тіркейді. Камера “Университет” көшесіндегі №19 үйдің маңында орналасқан. Бұл жол учаскесінде рұқсат етілген жылдамдық сағатына 60 шақырымды құрайды.

Бұған дейін мамандар кешенді техникалық тексеруден өткізіп, жол қозғалысы ережелерін бұзудың жаңа түрлерін анықтайтын жүйені баптаған.
Енді камера белгіленген жылдамдықтың сақталуын, көлік қозғалысы кезінде ұялы телефон немесе радиостанция пайдалануды, сондай-ақ қауіпсіздік белдігін тақпай көлік басқаруды автоматты түрде тіркейді.
Қазақстанда 12 наурыздан бастап жол қозғалысы ережелерін автоматты түрде тіркейтін заманауи кешендердің мүмкіндігі кеңейтілген. Соның арқасында камералар бұрынғыдай тек жылдамдықты бақылаумен шектелмей, басқа да жол ережесін бұзушылықтарды анықтай алады.
Полиция қызметкерлері жүргізушілерді жол ережесін сақтауға, көлік басқару кезінде телефон қолданбауға және қауіпсіздік белдігін тағуға шақырады.
Диас СЕРІКҚАЗЫҰЛЫ
Ortalyq.kz



